Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы
31.01.2022
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осы жылдың басынан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру бойынша Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде кеңес өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы аталған өңірлер әкімдіктерінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықты қолжетімді бағамен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын сынға алды. "Әкімдер мен Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақтандыру қорларының ең аз көлемін қалыптастырған жоқ, "айналым схемасы" бойынша жеткілікті қаражат бөлген жоқ, сауда үстемелерін бақылауды нашар жүргізді. Іс жүзінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу бойынша жұмыс өз бетімен жүргізілуде. Сіздердің міндеттеріңіз-халықты бірінші кезекте қажетті тауарлармен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге азық-түлік өнімдерінің әрбір атауы бойынша бағаны бақылауды күшейтуді, тұрақтандыру қорларында қажетті көлемді қамтамасыз етуді және "айналым схемасына" қосымша қаржыландыру бөлуді қамтамасыз етуді тапсырды. "Баға тізбегін тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтіп, бөлшек сауда объектілерінің сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшерін сақтауын қадағалаңыздар", — деді Министрлер Кабинетінің басшысы. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында Үкімет басшысы Еңбек министрлігіне Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, "Жастар практикасы" және "Алғашқы жұмыс орны" жобалары бойынша қатысу ұзақтығы мен еңбекақы мөлшерін арттыруды тапсырды. Осылайша, аталған жобалар бойынша еңбекақы мөлшерін 20-25 АЕК — тен 30 АЕК-ке дейін арттыру жоспарлануда. "Жастар практикасы" мерзімі 6 айдан 12 айға дейін, "Алғашқы жұмыс орны" — 12 айдан 18 айға дейін ұлғайтылады. "Жастарды оқыту, кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Тиісті тармақтар Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасына енгізілетін болады", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Қарау саны: 2008 |
|
|