ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде қолма-қол ақшасыз есеп

07.02.2022

Ұлттық экономика министрлігінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың өсуі туралы мәлімдеді


ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың өскенін мәлімдеді.

«Бәрімізге белгілі, салықтар экономиканы реттеудің, ұлттық табысты қайта бөлудің, сондай-ақ бизнесті дамытуды ынталандырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан салық салу саласы үнемі жетілдіруді талап етеді. Соңғы жылдары шағын кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылды. Осылайша, арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықтардан үш жылға (2020-2022 жылдар) босатылды. Сонымен қатар, микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізілді. Бұл шаралар 1 миллионнан астам бизнес субъектілерін қамтиды», - деп жазды Әлібек Қуантыров депутаттық сауалға берген жауабында.

 

Ол осы тұрғыда бизнестен қызметті, оның ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құралдарын пайдалану арқылы адал және ашық жүргізу талап етілетінін атап өтті.

 

«Бұл экономиканы «ақтап алу» үшін, әсіресе көлеңкелі айналымдардың айтарлықтай үлесі сақталып отырған сауда және қызмет көрсету салаларында қажет. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2019 - 2020 жылдар кезеңінде қолма-қол ақшасыз транзакциялар саны 2,4 еседен астамға өсіп, 35,3 трлн теңгеге жетті, төлем карталарын пайдалана отырып қолма-қол ақшаға айналдыру көлемінің 2015 жылғы 89,6% - дан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 32,6% - ға дейін қарқынды төмендеуі байқалады. Алайда, мобильдік аударымдар арқылы келіп түсетін ақшалай қаражат салық салудан босатылғанына қарамастан, кәсіпкерлердің кірістерінде көрсетілмейді», - деп атап өтті министр.

 

«Осылайша, мұндай кірістерді есепке алу мәселесін заңнамалық реттеу талап етілді және 2021 жылы салық заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша, мобильдік аударымдар арқылы алынған кәсіпкерлердің табыстары бойынша мәліметтер алу кірістерді есепке алуға және көлеңкелі айналымдарды азайтуға бағытталған», - деп түйіндеді ведомство басшысы



 



 



Қарау саны: 2003
Сақталған: 08.02.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!