Қазақстанда Отандық кәсіпкерлер кеңесі

09.02.2022

ҚР Премьер-Министрінің өкімі бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды, деп хабарлайды adilet.zan.kz ҚР НҚА ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталы.  

 

"Отандық кәсіпкерлер кеңесі ҚР Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады", - делінген Кеңес туралы Ережеде.

 

Кеңестің міндеттері:

1)  төмендегі мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу:
— Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы-;
— Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру ;
—  нарықтық экономиканың дамуын және ел экономикасына отандық инвестициялардың тартылуын ынталандыратын жағдай жасау;
—  іскерлік және инвестициялық ахуалды бағалау және жақсарту;

2)   кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де мәселелерді қарау және талқылау.

Отандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамына ҚР Премьер-Министрі, бірқатар министрлер, түрлі одақтардың, бірлестіктердің, қауымдастықтардың өкілдері және т.б. кірді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

 

Қатысушылардың толық тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.





Қарау саны: 2008
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!