ҚР ҰЭМ басшысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі
16.02.2022
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді. ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыровтың айтуынша, елдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысы жедел және жүйелі сипаттағы 140 тапсырма берген. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды. 32 3с-шара - аяқталу сатысында. Ұлттық экономика министрлігіне 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген 5 тапсырма бекітілді. Бұл Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу; Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу; шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға баса назар аудара отырып, "Атамекен" ҰКП-ны реформалау; "Қ Министрдің айтуынша, Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу аясында еңбек нарығына, өмір сүру деңгейі мен кедейлік көрсеткіштеріне, халықтың кірістері мен шығыстарының құрылымына талдау жүргізілді. Анықталған проблемаларды жою үшін Бағдарлама халықтың еңбек қызметінен түсетін кірістерін арттыруға; кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді арттыруға; өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құруға; жұмыс күшінің дағдыларын арттыруға бағытталатын болады. Сондай-ақ, әртүрлі делдалдар мен монополиялық операторлардың комиссиялары мен тарифтерін төлеу бойынша халықтың қосымша шығыстарын қысқарту жөніндегі шаралар пысықталуда. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында Министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін әзірледі, ол өнім өндіру көлемін ұлғайтуға, сақтауға және логистикаға, бөлшек саудаға, баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауда реттеуіне бағытталған жедел және орта мерзімді сипаттағы 61 іс-шарадан тұрады. Осы шараларды іске асырудың мақсаты инфляцияны 2022 жылы 4-6% дәлізде ұстап тұру және оны 2025 жылға қарай 3-4% деңгейіне дейін төмендету болып табылады. "Атамекен" ҰКП қызметін реформалау үшін палата қызметіне функционалдық талдау жүргізу жоспарлануда. Оның қорытындысы бойынша ҰКП қызметі ШОБ-ты қолдауға, қорғауға және дамытуға қайта бағдарланатын болады. Ол үшін "Атамекен" ҰКП қызметі мәселелері бойынша заңнамаға тиісті түзетулер әзірленетін болады. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының тиімділігін талдауға келетін болсақ, ол бойынша алдын ала бағалау жүргізілді. Ол 2020 жылы Бағдарламаға қатысушыларды қолдауға 1 теңге субсидия 40 теңге өнім шығаруға және 3 теңге салық төлеуге ықпал еткенін көрсетті. Бағдарламаны іске асырудың екі жылында (2019-2020 жж.) 1,4 трлн теңге сомасына өнім шығарылды және 136 млрд теңге сомасына салық төленді. Бұл ретте 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде 54 мың жұмыс орны құрылды және сақталды. Бағдарламаға өзгерістер енгізу жөніндегі нақты шешімдер төленген салықтар мен өнім шығару және бағдарламаға қатысушылардың айналымы жөніндегі деректер алынғаннан кейін 2022 жылғы шілдеге қарай ұсынылатын болады. Қорытынды тапсырма бойынша министрлік Салық кодексіне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі, ол тұтынылған электр энергиясының 1 кВт-сағатына кеншілер үшін салық мөлшерлемесін 1 теңгеден 10 теңгеге дейін арттыруды көздейді. Сондай-ақ, олар үшін тұтынушылардың басқа топтарына қарағанда неғұрлым жоғары тарифтерді белгілеу мақсатында энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларының жеке тобын (цифрлық майнингті жүзеге асыратын) бөлу ұсынылады.
Қарау саны: 2082 |
|
|