Үкіметтің басты міндеттерінің бірі-халықтың табысын арттыру

17.02.2022

Үкімет Президенттің тапсырмаларын орындау үшін жедел шаралар қабылдауда

 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын белгіледі. Үкіметтің басты міндеттерінің бірі — халықтың табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру", - деді Әлихан Смайылов.


ҚР Президентінің тарифтік жоспарлар жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде монополиялық операторлар мен делдалдар алатын тарифтер мен комиссиялар бойынша бір ай мерзімде талдау жүргізу, оларды қайта қарау немесе олардың күшін жою жөнінде шешімдер ұсыну тапсырылады.

 

Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында тау-кен секторындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін акциздерді, жер қойнауын пайдаланушылардың дивидендтері бойынша жеңілдіктерді және трансферттік баға белгілеу тәртібін қайта қарау бойынша ұсыныстар әзірленгенін атап өтті.

 

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді арзандатылған дизель отынымен, тұқымдармен, тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды.

 

Мемлекеттік қаржыландыру мен көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының көлеміне қарамастан, Арнайы экономикалық аймақтардың ел экономикасына қосқан үлесі төмен деңгейде қалып отыр.


"Басқарушы компаниялар "салғырт" жұмыс істейді. Әлеуетті инвесторлар үнемі түрлі "кедергілерге" тап болады – бұл АЭА — ға кіру де, қажетті инфрақұрылымның болмауы да, басқарушы компаниялар тарапынан бюрократия да", - деп Әлихан Смайылов тексеру жүргізіп, 1 наурызға дейін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

 

Тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайту, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы инвесторлар үшін ынталандыру шараларын әзірлеу мақсатында Премьер-Министр бір ай мерзімде Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер топтамасын енгізуді тапсырды.

 

"Ресурстық базаны арттыру мәселесі өткір тұр. Басты басымдық – ішкі нарық, соның ішінде кәсіпорындарды газдандыру", — деді Министрлер кабинетінің басшысы отырыс барысында.

Сонымен қатар, Премьер-Министр аурухана салу бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасының бірыңғай және оңтайлы нұсқасын әзірлеуді, жедел түрде "СК-Фармация" базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу, оның ішінде өндірушілерден бүкіл пайдалану мерзіміне сервис ұсына отырып, тікелей сатып алу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

 

"Ашықтық мақсатында бұл процесті автоматтандыру қажет", - деп атап өтті Үкімет басшысы.  

 

"Қазіргі жағдайда біз барынша жұмылдырып, нақты нәтижелер көрсетуіміз керек. Біз үшін басты міндет – азаматтарымыздың табысын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Біз бәсекеге қабілетті және әртараптандырылған экономиканы дамытуға назар аударуға тиіспіз", — деп түйіндеді Әлихан Смайылов


Қарау саны: 2111
Сақталған: 17.02.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!