Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Қазақстанның көміртекті

18.02.2022

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров  БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, Еуразиялық Даму Банкі, ЭЫДҰ, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ), Азия даму банкі сияқты халықаралық ұйымдар өкілдерімен Көміртекті бейтараптыққа көшу бойынша жобалық офисі Жұмыс органының  онлайн-кеңесін өткізді, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, Қазақстан экономикалық, технологиялық және әлеуметтік сипаттағы ауқымды өзгерістер қажеттілігіне байланысты климаттық күн тәртібінің, жаһандық энергияға көшудің маңыздылығын мойындайды. Халықаралық ұйымдар Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшуіне елеулі қолдау көрсетеді.

"Ұлттық экономика министрлігі 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасын пысықтау бойынша жұмыс шеңберінде Қазақстанның төмен көміртекті бейтараптыққа көшуінің кешенді көрінісін қамтамасыз ету және келісілген іс — қимыл жоспарын қалыптастыру мақсатында халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын біріктіруді жоспарлап отыр", — деп хабарлады министр.

Кеңеске қатысушылар көміртекті реттеу жүйесін құру бойынша бірлескен жұмысты үйлестіре отырып, көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мәселелері жөніндегі қызметті келісу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте барлық жұмыс көміртекті реттеу жүйесін құру кезінде тұтастықты сақтау мақсатында стратегияны пысықтау бойынша жобалау офисінің жұмыс органының базасында үйлестірілетін болады.



Қарау саны: 2063
Сақталған: 18.02.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!