ҚР-дағы инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенінің жобасы

21.02.2022

Әлібек Қуантыров ҚР-дағы инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенінің жобасын дайындау барысы туралы айтты

 
ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел іс-қимыл жоспарын орындау мәселелері жөніндегі кеңес барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенінің жобасын дайындау барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.


Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенінің жобасын әзірледі, ол жедел және орта мерзімді сипаттағы 66 іс — шараны қамтитын 5 бағыттан тұрады. Аталған шараларды іске асырудың мақсаты — инфляцияны 2022 жылы берілген 4-6% дәлізде, ал 2024 жылы 4-5% деңгейінде ұстап тұру.

Шаралар кешенінің бірінші бағыты - "Өнім өндірісінің көлемін ұлғайту" — оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністер ауданын 1,2 мың га-ға кеңейту, Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын қабылдау, көктемгі егіс егу және өнім жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиелендіруді 70 млрд-тан 140 млрд.теңгеге ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте импортты алмастыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шараларын қамтиды.

Екінші бағыт - "Сақтау, логистика және көлік" картоп пен көкөністерді сақтау бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды, ТШО ресурстарынан ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын қосымша бөлу мәселесін пысықтауды, тұрақтандыру қорларының жүктемесін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ, мұнай өнімдерін сақтау көлемі ұлғайтылып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көкөніс өнімдерінің шикізатын, дайын өнімін сатып алудың қосымша көлемдері қалыптастырылатын болады.

"Тауарлардың бөлшек саудасы" бағыты бойынша ӘМАТ сатушылары үшін жалдау ақысын төмендету, "айналым схемасын" қаржыландыру көлемін жеткізу және тұрақтандыру қорларын 140 млрд теңгеге дейін қалыптастыру, ірі өндірушілер мен сауда желілері арасында ӘМАТ бағаларын төмендету және қолдау туралы келісім жасасу, маркетплейстерде онлайн әлеуметтік дүкендерді енгізу болжанып отыр. 

"Баға белгілеуді бақылау, монополияға қарсы және сыртқы сауда реттеу" төртінші бағыты шеңберінде ӘМАТ, ЖЖМ, көмір, электр энергиясы, дәрілік препараттар бағасының өсуін тежеу жоспарлануда. Бұл ретте ӘМАТ-қа сауда үстемесінің 15% сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі заңнамалық функцияны толыққанды іске асыру қамтамасыз етіледі.

"Жүйелі шаралар" ЖЖМ нарығындағы өнімсіз делдалдардың санын азайтуды көздейді. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін коммуналдық төлемдерді төлеу кезінде оларды жеке топқа бөлу практикасы енгізіледі және тауарлық газдың бөлшек сауда бағасы сараланады. Сондай-ақ, азаматтардың әлеуметтік әмиянына әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерді есептеудің және әлеуметтік әмиян арқылы әлеуметтік көмек алушыларға ӘМАТ-ты жеңілдікті/төмендетілген бағамен сатудың жаңа тетіктері енгізіледі.

"Мақсат инфляцияны және оның компоненттерін мақсатты деңгейде ұстап тұру; тауарлардың тапшылығын болдырмау; бағаны біртіндеп тұрақтандыруға және бизнес ахуалды жақсартуға ықпал ету; негізгі азық — түлік және азық-түлік емес тауарлар бойынша экономиканың өзіндік жеткіліктілігін қамтамасыз ету болып табылады", — деп түйіндеді министр.



Қарау саны: 2068
Сақталған: 21.02.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!