Экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға сауалнама жүргізу нәтижелерін
24.02.2022
ҚР Ұлттық банкі 2021 жылдың IV-тоқсанындағы экономиканың нақты секторының кәсіпорындарына жүргізілген сауалнама нәтижелерін жарияладыНақты сектор кәсіпорындарына жүргізілген сауалнама нәтижелері құрылыстан басқа барлық салаларда дайын өнімге деген сұраныстың жақсарғанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов. "Көліктегі сұраныс көрсеткіші оң аймаққа өтті, құрылыстағы көрсеткіш әлі де 50 белгісінен төмен, бірақ оның мәні жақсарды. 2022 жылдың I-тоқсанында ауыл шаруашылығынан басқа барлық салаларда сұранысқа байланысты жағдай жақсарады деп күтілуде", — делінген хабарламада.
Жалпы экономика бойынша өндірістік қуаттарды жүктеу деңгейі іс жүзінде өзгерген жоқ, ауыл шаруашылығында төмендеп, құрылыс пен саудада аздап өсті. Ең жоғары деңгей тау – кен өндіру саласында (61,3%), ең төмен деңгей көлік және құрылыста (52,2% және 52,0%) сақталуда.
"Бәсекелестік маңыздылығының жоғары деңгейі бұрынғысынша сақталып отыр. Нарықтық бәсекелестіктің әсеріне ең көп ұшырайтындар сауда кәсіпорындары болып табылады, онда кәсіпорындардың 41,5% - ы оның өз бизнесіне әсерін сезінеді. Ең аз үлес тау-кен өнеркәсібінде байқалды (14,8%)", — деп толықтырды Жандос Шаймарданов. Шетелдік серіктестермен есептеулерде қолданылатын негізгі валюта Ресей рублі болып қала береді. Өңдеу өнеркәсібінде рубльді кәсіпорындардың 64,9%, саудада 56,5% пайдаланады. АҚШ доллары тек тау-кен өнеркәсібінде басым (59,6%). Сауалнамаға барлығы 2,6 мыңнан астам өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау кәсіпорындары қатысты. "Қазақстан экономикасының негізгі салалары бөлінісінде нақты сектор конъюнктурасына шолу кәсіпорын басшысына ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беретін саладағы жағдайды көрсетеді — серпінде кәсіпорын көрсеткіштерін ресурстарды пайдалану тиімділігінің салалық көрсеткіштерімен, шығындар мен бағаларды басқарумен, капитал мен активтер құрылымының өзгеруімен салыстыра отырып. Негізгі шолуда пайдаланылған индикаторлардан басқа, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын сипаттайтын қаржылық коэффициенттер келтіріледі", — деп атап өтті ҚР ҰБ. Сауалнама нәтижелері бойынша шолудың толық нұсқасын мына жерден қараңыз
Қарау саны: 2108 |
|
|