"Таза парақтан" реформаның жүзеге асырылуы

01.03.2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті реттеу тәсілдерін "таза парақтан" іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов баяндама жасады.

 

2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы ҚР-да кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды. Заңның қолданылуын қамтамасыз ету үшін қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі 164 НҚА-ны қамтиды.


Мемлекеттік бақылаудың жаңа нысандары тексерулерден профилактикалық іс-шараларға көшуді қамтитын болады. Заң шеңберінде тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізу кестелерін қалыптастыру кезінде адамның барынша аз қатысуын қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жөніндегі нормаларды заңнамалық бекіту қамтамасыз етілді.  


Үкіметке мемлекеттік органдардың бизнеске қойылатын талаптарын қысқарту мақсатында тәсілдерді сапалы іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды
. Қазіргі уақытта талаптардың 40% - дан астамы жаңа тәсілдерге сәйкес келмейді. 

 

"Таза парақтан" реформаны іске асыру бизнес-ортаны реттеу тиімділігін арттыруға және кәсіпкерлікті жандандыру үшін қолайлы және ынталандырушы жағдайлар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бизнес әкімшілік жүктеменің төмендеуін міндетті түрде сезінеді. Ол үшін Міндетті талаптар тізілімін құруды және сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет.  

ҚР Премьер-Министрі Ұлттық экономика министрлігіне "Атамекен" палатасымен бірлесіп, "таза парақтан" реттеудің жаңа тәсілдеріне сәйкес Міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру жөніндегі жұмыстың жоспар-кестесін бекітуді тапсырды.

 

"Қаржы министрлігі Әділет министрлігімен бірлесіп, бюджетті нақтылау шеңберінде "Әділет" ақпараттық жүйесі базасында тізілім құруға қаражат қарастырсын", - деді Үкімет басшысы. 

 

Премьер-Министр сондай-ақ, қабылданған заңға сәйкес бұрын болған реттегіш актілердің жаңа базалық тәсілдерге сәйкестігі тұрғысынан оларға тексеру және бағалау жүргізу қажет екенін атап өтті.

 

Барлық мүдделі мемлекеттік органдарға ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін осы актілердің қайта қаралуын қамтамасыз ету тапсырылды.

 

"Мемлекеттік бақылау және бизнес есептілігі жүйесін автоматтандыру қажет. Сондықтан Цифрлық даму және Ұлттық экономика министрліктеріне Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетімен бірлесіп, осы жүйені автоматтандыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын", — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.  




Қарау саны: 2023
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!