Фарминдустрияны дамыту бағдарламасы

20.08.2020

Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде Асқар Мамин Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

«Қазақстанның фарминдустриясы үлкен даму әлеуетіне ие. Басты міндет-дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеткілікті қорын қамтамасыз ете отырып және номенклатурасын кеңейте отырып, отандық өндірісте серпіліс жасау. Ел халқының сапалы медициналық өнімге еркін қол жеткізуі тиіс», - деп атап өтті Премьер-министр.

Пандемия жағдайында 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық кәсіпорындардың өндіріс көлемі 23,2% - ға 70,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.  Салада 96 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 33 - і дәрі - дәрмек бойынша, 41 - і медициналық бұйымдар бойынша, 22-сі медициналық техника бойынша. Индустрияландыру картасы аясында 62,9 млрд теңге инвестиция сомасына және 5 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 41 жоба пайдалануға берілді. Қазақстандық фарминдустрияның «өсу нүктелері» Алматыда, Шымкентте, Алматы және Қарағанды облыстарында орналасқан.

Отандық фармацевтикалық өндірісті одан әрі дамыту үшін Үкімет басшысы Индустрия министрлігіне бизнес-қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, 2020 жылдың қыркүйегінде фармацевтика саласын дамыту Бағдарламасының жобасын әзірлеп, ұсынуды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне «СҚ-Фармациямен» бірлесіп, медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың болуын жоспарлау тетіктерін қайта қарау, дәрі-дәрмектерді тіркеу бойынша талаптарды оңтайландыру, отандық өндірушілер үшін сатып алу көлемін болжау жүйесін енгізу тапсырылды.
 
Фармацевтика индустриясы мен медициналық мекемелерді цифрландыру деңгейі Үкіметтің ерекше бақылауында тұрғанын атап кеткіміз келеді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желідегі парақшасында дәріханалардың бөлшек сауда желілерінде дәрі-дәрмектердің болуына мониторингтің жасалмайтыны туралы хабарлады.

«Осыған байланысты бізге денсаулық сақтаудың барлық салаларын цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыру өте маңызды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында 43 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның 35-і немесе 82% - ы электрондық форматқа ауыстырылды. Жыл соңына дейін олардың санын 90% - ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді едәуір қысқартады», - деп жазды Цой.


Қарау саны: 2992
Сақталған: 20.08.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!