Қазақстанда Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел
03.03.2022
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімі бойынша ҚР Үкіметі жанынан Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты. Жедел Штаб Ресей Федерациясына санкциялар топтамасын салумен және олардың Қазақстан экономикасына ықпалымен байланысты экономика мен бизнесте туындайтын проблемалық мәселелерді қарайды және шешетін болады. Жедел штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдері және салалық сарапшылар кірді. Сонымен қатар, Жедел Штабтың жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері қатыса алады.
Отырысқа қатысушылар көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелерін, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелерін талқылады.
Қарау саны: 1943 |
|
|