Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB- / А-3" деңгейінде
05.03.2022
Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде растады, болжамы "Тұрақты", деп хабарлайды primeminister.kz сайты "Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ел экономикасының күшті фискалдық және сыртқы баланстары болып табылады. Бұл ретте өтімді сыртқы активтердің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығын айтарлықтай қолдайды", - делінген хабарламада.
Агенттіктің мәліметінше, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың екінші салдарларын еңсеруге болады және Қазақстанның мұнай мен газ экспортының негізгі нарықтарына қол жеткізуінде іркілістерге алып келмейді. Сарапшылардың пікірінше, ҚР тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, халықтың табысын арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру жөніндегі шаралар шеңберінде жалғасады. Бұдан басқа, ҚР Ұлттық Банкінің кредиттеу бағдарламаларынан шығуы теңгедегі артық өтімділікті төмендетеді, сондай-ақ трансмиссиялық тетіктерді жақсартады. Жалпы, Standard&Poor's Қазақстан экономикасының өсімін 2022 жылы 3,6% және 2025 жылға дейін орта есеппен 4% деңгейінде болжайды.
Қарау саны: 1957 |
|
|