БҰҰДБ-ның адами даму туралы баяндамасы
11.03.2022
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары және БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері Қазақстанның адами дамудағы прогресс мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді деп хабарлайды ҚР Парламенті жоғары палатасының баспасөз-қызметі.Іс-шараны ашқан Сенат Төрағасының Орынбасары Ольга Перепечина ұсынылған баяндама Тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуде елдің мүмкіндіктері тұрғысынан Қазақстанның дамуының үш онкүндігінде құрылуының бағалауын қамтитынын атап кеткен болатын. «Тұрақты болашақтың қажетті шарты ретінде білімді қолдану арқылы Қазақстанның экономикасы мен адами әлеуетінің дамуы арасындағы өзара байланысқа үлкен назар аударылады», — деді Сенат вице-спикері. ҚР-дағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш Қазақстан айтарлықтай даму нәтижелеріне қол жеткізе алғанын айтты, атап айтқанда, негізгі нарықтық реформаларды іске асырды, халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну жүйесін жетілдірді. Ол сондай-ақ серіктестік қатынастарды құрудың маңыздылығын атап өтіп, БҰҰДБ-ның ел мен Қазақстан халқын осы жолда қолдауына дайындығын білдірді. Іс-шара шеңберінде БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен ТМД елдеріндегі Өңірлік бюросының бас экономисті Бен Слей Қазақстанның адами дамудың түйінді құрамдауыштары бойынша, оның ішінде, денсаулық, білім және лайықты тұрмыс жағдайы бойынша прогресіне шолу жасады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның көміртегі бейтараптығына көшунің әлеуметтік аспектілері туралы айтты.
Оның айтуынша, көміртегі бейтараптығына көшуге ішкі бейімделу қоғамның климаттың өзгерістеріне бейімделуін көздейді, ол мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: әділ көшуді қамтамасыз ету; жұмыс орындарын құру; халықтың танымын өзгерту; көміртегі бейтараптығына көшудің маңызды элементі ретінде ҒЗТКЖ дамыту (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар); кәсіби дағдыларды арттыру. Дөңгелек үстел жұмысы барысында сонымен бірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова баяндама жасады. Іс-шара Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30-жылдығына орайластырылған.
Қарау саны: 1951 |
|
|