Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес

14.03.2022

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңестің (ИКЖК) отырысында климаттық пакт бойынша міндеттемелерді қаржыландыру және "жасыл күн тәртібін" ілгерілетудегі Қазақстанның халықаралық позицияларын одан әрі нығайту мәселелері қаралды, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
 

Қазақстан бірінші елдердің қатарында Париж келісімін ратификациялады және өз экономикасын декарбонизациялау бойынша өршіл мақсаттар туралы жариялады.

 

ҚР Үкіметі қазіргі заман шындығына сай келетін дамудың жаңа бағыттарына қатысты негізгі құжаттарды дайындау бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізуде.

 

Әлихан Смайылов 2021 жылы мемлекеттік экологиялық реттеу стандарттарын айқындайтын, жасыл инвестициялар тартуды ынталандыратын және халықаралық экологиялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жаңа Экологиялық кодекс қабылданғанын атап өтті.

 

"Экологиялық таза энергия көздерін дамытуды ынталандыру үшін Баламалы энергетиканы дамыту бойынша жаңа заң әзірленуде. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы ESG және жасыл экономика қағидаттарын сақтауға негізделетін болады",-деді Премьер-Министр.

 

Осы мақсаттар үшін қазір 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығы доктринасы әзірленуде, ол Қазақстан экономикасын дәйекті түрде трансформациялау жөніндегі мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындайтын болады.

 

"Қазақстан әлемдік қоғамдастық тап болып отырған сын-қатерлерге қарамастан, өзінің жаһандық тұрақты дамуға бейілділігін сақтап қалды және осы бағыттағы одан әрі жүйелі және дәйекті жұмысқа дайын", — деп қорытындылады Министрлер Кабинетінің басшысы.

 



Қарау саны: 2026
Сақталған: 29.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!