Қазақстанда экономиканың өсу қарқыны 3,5% - ға дейін жеделдеді

15.03.2022

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5% - ға дейін жеделдеді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

"Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5% - ға дейін жеделдеді. Есепті кезеңде негізгі үрдістер бойынша нақты секторда өсудің жеделдеуі, ағымдағы жылғы қаңтарда құлағаннан кейін сауда мен байланыста өсудің қалпына келуі, өндіруші емес секторға инвестициялардың серпінді өсуі байқалады. Биылғы қаңтар-ақпанда нақты сектордағы өсім 4,7% - ды құрады. Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 2,1% — ға дейін өсті", - деді Әлібек Қуантыров.

 

Министр салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, сауда, сумен жабдықтау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсуді көрсетіп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, ҰЭМ басшысының мәліметінше, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,6% - ды құрады, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу серпіні 5,7% - ды құрады.

 

"Инвестициялар құрылыста – 2,2 есеге, білім беруде – 2,2 есеге, әлеуметтік қамсыздандыруда – 63% – ға, ғылыми және техникалық қызметте – 34% – ға, саудада – 32,1% - ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда-19% - ға, өнерде, ойын-сауықта және демалыста-18,7% - ға, көлік пен қоймалауда-17,2% - ға өсті",- деді министр.

 

Министрдің айтуынша, өңірлік бөліністе ең үздік көрсеткіштер Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкентте байқалады.

 



Қарау саны: 1978
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!