Президент өңірлердің әкімдерімен
17.03.2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдерімен жұмыс бабындағы кеңес өткізді.Кеңес барысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Президент өз сөзінде Үкіметке және әкімдерге әлеуметтік-экономикалық проблемаларды жедел шешу, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын жүзеге асыру аясында бірқатар міндеттер қойды. Атап айтқанда, әкімдер азаматтармен жұмысты қайта құрып, аудандар мен ауылдардың тұрғындарымен жиі кездесулер өткізіп, оларды толғандырған мәселелерді шешіп, қоғамның сенімін арттыруы керек.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Қазақстан халқына төртінші Жолдауында қойылған міндеттерді сапалы іске асыру жөнінде тапсырмалар берді. Сондай-ақ оқыңыз: Президенттің Қазақстан халқына төртінші Жолдауы
Қарау саны: 1936 |
|
|