Іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

18.03.2022

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Тапсырмаларды іске асыру туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады. 

 

Мемлекет басшысы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде нақты міндеттер қойды. Бұл мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. 

 

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, Мемлекет басшысының бастамалары елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған реформалардың сындарлы бағдарламасы болып табылады. 

 

Атап айтқанда, Конституцияға 30-дан астам өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, сондай-ақ жыл соңына дейін 20-дан астам заң қабылданады. 

 

Мемлекет басшысының 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді.

 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі негізгі 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізетін болады. 

 

1. Елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру. 

2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру. 

3. Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар. 

 

Ведомство басшысының айтуынша, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру, сондай-ақ халықтың пікірін ескере отырып, Қапшағай қаласын қайта атау мәселесін пысықтау көзделіп отыр. 

 

"Мемлекет басшысының Жарлығын дайындау бойынша Жол картасы және оны іске асыру бойынша тиісті Ұйымдастыру шараларының жоспары әзірленеді", — деді Әлібек Қуантыров.  

 

Бұл құжаттарда әкімшілік аумақтық қайта құруларға байланысты барлық қажетті іс-шаралар ескерілетін болады: 

- облыстар мен елді мекендерді атау (қайта атау) мәселелерін қоса алғанда, облыстарды және олардың шекараларын бөлу (құру) туралы Мемлекет басшысының қажетті Жарлықтары мен Үкімет қаулыларын әзірлеу және қабылдау;

- жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің штат санындағы өзгерістер; 

- коммуналдық меншікті беру және қабылдау; 

- заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу;

- жаңадан құрылған облыстарда мемлекеттік органдардың құрылуы.  «

 

Бұл облыстардың құрылуы тек осы өңірлердің ғана емес, бүкіл экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді", — деп сендірді Ұлттық экономика министрі.

 

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде Министрлік 2021 жылы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын әзірлеуді бастады. 

 

Заң жобалары жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (ЖӨБ) өкілеттіктерін шектеу, ЖӨБ органдарының мүліктік құқықтарын кеңейту; ЖӨБ деңгейінде мемлекеттік сатып алуларды жүргізу рәсімдерін оңайлату жөніндегі нормаларды көздейді. 


Әлібек Қуантыров атап өткендей, Жолдауға сәйкес "Халықтық қатысу бюджетінің" функционалын кеңейту арқылы ЖӨБ органдарын тікелей қаржыландыруды енгізу мәселесі де енгізілетін болады. Бұл ретте мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мақсатында ХҚБ қаражатын бөлу жөніндегі функциялар оларға бекітілетін болады. 
 

"Шын мәнінде бұл-ауылдық округтер арасында нақты жобаларға бөлінетін "қор". Бұл жобаларды жергілікті қоғамдастықтың ұсыныстары бойынша ауыл әкімдері қалыптастырады", — деді министр.  

 

Сонымен қатар, Украинадағы оқиғалар аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҰКП, бизнес өкілдері мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың жұмысы жолға қойылды. 

 

"Оның аясында көлік және логистика, инфрақұрылым, сауда және қаржылық тұрақтылық бойынша жұмыс топтары ұйымдастырылды. Жұмыс топтарының өзара іс-қимылының белгілі бір алгоритміне сәйкес Украинадағы оқиғалардың сыртқы экономикалық жағдайға салдарын күнделікті бақылау негізінде олардың ҚР экономикасына әсер ету сценарийлері әзірленуде. Осы ақпарат негізінде жедел әрекет ету шаралары әзірленуде", — деді ҰЭМ басшысы. 

 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруды бастады.

 

Қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік органдармен нақты ұсыныстар пысықталуда. 

 

"Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген әрбір тапсырмасын мазмұнды әрі жедел пысықтайтын болады. Жолдауды тиімді іске асыру үшін Министрліктің жұмысы процестерді бюрократиясыздандыру және нәтижеге бағдарлану қағидаттарында жүргізілетін болады", — деп түйіндеді министр.   

Сондай-ақ оқыңыз: Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы

 



Қарау саны: 2208
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!