Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі
25.03.2022
Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттері, сондай-ақ экономиканы ковидтан кейінгі дамытуға көшу және оның сыртқы күйзелістерге ден қою шаралары туралы ақпарат берілді. Әлібек Қуантыров Президентті оның тапсырмаларының орындалу барысымен таныстырды. Атап айтқанда, Халықтың табысын арттыру бағдарламасын және Инфляцияны бақылау және азайту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру туралы сөз болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту бойынша нақты міндеттер қойды. Қазіргі уақытта комиссия құрылды, жаңа салаларды құру бойынша жұмыс алгоритмі әзірленді.
Қарау саны: 2048 |
|
|