Мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер

31.03.2022

Ақорда резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қаржы-экономикалық күн тәртібінің ең өзекті мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы геосаяси тұрлаусыздық біздің экономикамызға елеулі қысым көрсетіп отырғанын, осыған байланысты мемлекеттік органдар үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі тиістігін атап өтті.

"Жағдай өте тез өзгеруде. Мұндай жағдайларда қадамдарыңызды егжей-тегжейлі есептеп, барлық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді нақты және жылдам бағалау маңызды. Шешімдер салмақты болып, кідіріссіз және бюрократиялық кедергілерсіз қабылдануы тиіс", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кеңес барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов экономиканың ағымдағы жай-күйі мен даму болжамдары туралы баяндады. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты туралы есеп берді. 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған параметрлері туралы ақпаратты Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұсынды.

Іс-шараға қатысушылар бюджет шығыстарын оңтайландыру, көктемгі егіс науқанына дайындық, экспорттық саясатты дамыту және инвестициялар тарту, көлік логистикасын жетілдіру, сондай-ақ Халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылады.


Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке және Президент Әкімшілігіне елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 



Қарау саны: 2107
Сақталған: 25.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!