Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша
01.04.2022
31 наурызда Нұр-Сұлтанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен білім беру жүйесін қайта форматтау және экономиканың мұқтаждықтары үшін кадрлар даярлаудың басымдығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады primeminister.kz сайты. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылы "Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы" әзірленіп, бекітілді. Құжат Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына енгізілген және еңбек нарығы мен кәсіби стандарттарды болжамдаудың негізі болып табылады. Атлас 9 басым бағыт бойынша жүзеге асырылады: мұнай және газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм, көлік және логистика, машина жасау, тау-кен металлургиясы және құрылыс.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кадрларды даярлауды қамтамасыз ету жүйесіне мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдері қатысып жатқанын атап өтті. Бұдан басқа, даярлаудың техникалық бағыттарына мемлекеттік тапсырыстың үлесі 60% - ға дейін ұлғайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қазақстанның 406 өнеркәсіп кәсіпорны ТжКБ-ның 406 колледжін қамқорлыққа алуда. 2021 жылы мұндай мысалдар бар болғаны 51 болды. Қамқорлық жасайтын кәсіпорындар қамқоршылық және индустриялық кеңестердің құрамына кіреді, педагогтердің тағылымдамаларына көмектеседі, оқушылардың өндірістік практикадан өтуін қамтамасыз етеді және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша өздеріне белгілі бір міндеттемелер қабылдайды. Ағымдағы жылы Қазақстанда нысаналы мемлекеттік тапсырыс 10 мың өтінімді құрады. Колледждерде даярлаудың техникалық бағыттарына мемлекеттік тапсырыс үлесі 40% - дан 70% - ға дейін ұлғайды. Сонымен қатар, колледждер жұмыс берушілермен және патронаттық кәсіпорындармен келісілген білім беру бағдарламаларын дербес жасай бастады. " "Кәсіптер атласын" ауқымды енгізу үшін оқу орындарының білім беру бағдарламаларына түзету енгізу, білім беру мекемелерінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысын орналастыруды түзету ұсынылды. Отырысқа қатысушылардың баяндамалары мен сөздерін тыңдағаннан кейін Әлихан Смайылов хаттамаға бірқатар нақты тапсырмалар енгізуді, сондай-ақ ҚР Үкіметі отырысында білім беру жүйесін қазіргі жағдайда қайта қалыптастыру мәселелерін қарауды тапсырды.
Қарау саны: 1988 |
|
|