S&P ҚР егеменді кредиттік рейтингін
04.04.2022
Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты", деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Агенттік ҚР Үкіметімен бірлескен талқылаулардан кейін Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың салдары Қазақстан экономикасы үшін еңсерілетінін анықтады. Сонымен қатар, Каспий құбыр консорциумының тиеу терминалындағы өткізу қабілетінің төмендеуі уақытша сипатқа ие және Қазақстанның экспорттық мұнай жеткізілімдерінің айтарлықтай іркілісіне алып келмейтіні анықталды. Жалпы, S&P елдің тұрақты мемлекеттік және сыртқы баланстары мұнай мен алтын бағасының өсуімен қатар сыртқы күйзелістерді жеңілдету үшін жеткілікті болады деп атап өтті. Standard&Poor's деректері бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 2022 жылы 2% деңгейінде болжануда.
Қарау саны: 1944 |
|
|