ҰЭМ басшысы Үкіметке 2022 жылға арналған макроэкономикалық

05.04.2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған болжамы мақұлданды

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады.

 

Отырыста қалыптасқан әлемдік саяси және экономикалық жағдайды ескере отырып, ағымдағы жылға арналған Макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамы ұсынылды. 

 

Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, елдің ЖІӨ-нің нақты өсімі 3,9% - дан 2,1% - ға дейін төмендедіНоминалды ЖІӨ 91,5 трлн теңге көлемінде күтілуде, бұл мақұлданған болжамнан 4,5 трлн теңгеге жоғары.

 

Экспорт $67,5 млрд дейін, импорт $41,2 млрд дейін өседі деп күтілуде.

 

Инфляция 8-10% дәлізінде анықталған. 


"Макрокөрсеткіштердің болжамы сыртқы экономикалық жағдайды, әлемдік экономиканың дамуын бағалауды, сондай-ақ мұнай нарығындағы үрдістерді ескере отырып нақтыланды. Жыл басынан бері ел экономикасы өсімінің оң серпіні байқалып отыр, қаңтар-ақпан қорытындылары бойынша ЖІӨ өсу қарқыны 3,5% - ды құрады. Сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйымдарын бағалау бойынша геосаяси ахуалдың шиеленісуі аясында сыртқы экономикалық аяның нашарлауына байланысты әлемдік ЖІӨ — нің өсу перспективаларының нашарлауы күтілуде; S&P Global агенттігі 2022 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 4,2% - дан 3,6% - ға дейін төмендетті", — деді Әлібек Қуантыров.


Оның айтуынша, Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы жыл басынан бері барреліне 98 долларды құрады.

 

"Халықаралық қаржы ұйымдарының 2022 жылға арналған мұнай бағасы бойынша болжамдары барреліне 74 доллардан 105 АҚШ долларына дейін өзгеріп отырады. Осыған байланысты, макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 90 АҚШ доллары деңгейінде айқындалды. Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, ел экономикасының өсу болжамы 3,5% - дан 2,1% - ға дейін төмендеді. Бұл ретте номиналды ЖІӨ 91,5 трлн теңге көлемінде бағаланады, бұл мақұлданған болжамнан 4,5 трлн теңгеге жоғары", — деп толықтырды министр.

 



Қарау саны: 1990
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!