Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңға түзетулер

07.04.2022

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды ҚР Парламенті төменгі палатасының баспасөз қызметі.

Заң жобасымен 2022 жылы кепілдік берілген трансферт сомасын түзету бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы" ҚР Заңына түзетулер енгізіледі.

 

Атап айтқанда, республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2022 жылы 3 046 млрд теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады.

 

Сонымен қатар, Мәжілісте "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша жұмыстар басталды.

 

"Аталған заң жобасы 2022-2026 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын нақтылауға байланысты әзірленді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын іске асыруға және қабылданған бірқатар міндеттемелерді орындауға бағытталған. Қаржы бюджеті жөніндегі комитет осы Заң жобасы бойынша қорытындыны 2021 жылғы 1 маусымға дейін дайындауға дайын", — деді Мәжіліс депутаты Марат Құсайынов заң жобаларын таныстыра отырып, Палатаның жалпы отырысында.

 

Депутаттар салық саясатының келісілген қағидаттары туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы және азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді ратификациялау туралы заң жобаларын да жұмысқа алды.





Қарау саны: 2011
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!