Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңға түзетулер
07.04.2022
Заң жобасымен 2022 жылы кепілдік берілген трансферт сомасын түзету бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы" ҚР Заңына түзетулер енгізіледі. Атап айтқанда, республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2022 жылы 3 046 млрд теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады. Сонымен қатар, Мәжілісте "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша жұмыстар басталды.
Депутаттар салық саясатының келісілген қағидаттары туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы және азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді ратификациялау туралы заң жобаларын да жұмысқа алды.
Қарау саны: 2053 |
|
|