Қазақстанның 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы
12.04.2022
ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады. Осылайша, Ұлттық экономика министрінің деректері бойынша қаңтар-наурызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% - ға дейін жеделдеді. Есепті кезеңде негізгі үрдістер бойынша нақты секторда өсудің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, көрсетілетін қызметтер секторында тұрақты динамика байқалады.
Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында өндіріс көлемі 6,5% - ға өсті. Барлық өңірлерде оң өсім байқалды. Ең көп ұлғаю Алматы қаласында (18%-ға өсу), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (14,4% - ға) және Атырау облыстарында (14,3% - ға) байқалады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1% - ға ұлғайды. Салалар бөлінісінде қызмет көрсетуде өндіріс тау – кен өндіру өнеркәсібінде – 17,1% – ға, газ өндіруде – 8,2% - ға, шикі мұнай өндіруде-7,6% - ға, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде-6,3% - ға, металл кендері мен көмір өндіруде-1,9% - ға ұлғайды. Тұрғын үйді пайдалануға берудің өсу серпіні 7,7 п.т. жақсарды, барлығы 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 0,4% - ға жоғары. Баяндамашыларды тыңдаған Әлихан Смайылов ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында экономиканың нақты секторының тұрақты дамуы арқасында ЖІӨ-нің 4,4% - ға дейін өсуіне қол жеткізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда шектеу шараларының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін жоюға қол жеткізілді, бірақ көршілеріміздің экономикасына санкциялық ықпал күшейіп келе жатқандықтан, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Сондай-ақ, Үкіметтің алдында инфляцияны тежеу жөніндегі күрделі міндет тұр. Наурыз айының қорытындысы бойынша елімізде жылдық инфляцияның 12% - ға дейін үдеуі байқалады. Сауда серіктес елдердегі инфляцияның өсуі және әлемдік азық — түлік бағасының өсуі әсер етеді.
Қарау саны: 1961 |
|
|