"Арнайы құқық" институтын құру

13.04.2022

Ағымдағы жылдың 3 қаңтарында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойылды. Заң мемлекеттік монополия тетігін толықтыратын және жетілдіретін "арнайы құқық" институтын құруды көздейді. Кәсіпкерлік кодекске тиісті өзгерістер 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

 

Арнайы құқықтар берілген субъектілерді (операторларды) реттеу мынадай қағидаттарда жүзеге асырылатын болады:

1) монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті органның бағаны реттеуі;

2) басқа заңды тұлғаларға қатысуға тыйым салу;

3) өзге қызметке тыйым салу;

4) ақпараттың жариялылығы мен ашықтығы;

5) арнайы құқықты жүргізуге байланысты қызметі қозғалған бизнеске қолдан шығарылған пайданы өтеу;

6) нарық қатысушыларын дайындау үшін жарты жылға арналған кейінге қалдыру кезеңі.

Арнайы құқық субъектілерінің тізіліміне қызметі тиісті не аралас тауар нарықтарындағы тауар айналымының жалпы жағдайларына әсер ететін операторлар ғана енгізіледі.

Бүгінгі таңда 18 операторды реттеу көзделіп отыр, қалған 21 оператор реттеуге жатпайды, өйткені олар нарыққа әсер етпейді немесе олардың қызметі табиғи монополиялар туралы заңнамамен реттеледі.

Заңмен жеке операторларды құру процедурасы барынша күрделендірілді. Бұған мемлекеттің 100% қатысуымен заңды тұлғаларды құру мүмкін болмаған жағдайларда ғана жол беріледі. Үкімет БҚДА-мен бірлесіп, жекеше субъектілерге қатысты конкурсты міндетті түрде өткізу туралы талап бекітілген операторларды айқындау тәртібін кемінде 5 жылда бір рет бекітеді.


Мемлекет басшысының отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша берген тапсырмасын ескере отырып, бұл норма жеке операторларды құруға толық заңнамалық тыйым салу пайдасына қайта қаралатын болады. Бұрын қабылданған шешімдер қайта қаралатын болады.

Бұған дейін 2021 жылғы қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін жалғастырудың орындылығына талдау жасауды тапсырды. "Бүгінде ел экономикасы мемлекеттің шамадан тыс болуынан ғана емес, сонымен қатар жеке монополистердің бәсекеге қабілетсіз әрекеттерінен де зардап шегуде. Бір жерде бұл мемлекет құрған бірыңғай операторлар, бір жерде-жеке монополиялар. Барлығы 50-ге жуық. Өз ұсыныстарыңызды 1 маусымға дейін енгізіңіз. Содан кейін не істеу керектігін шешеміз: не оларды мұндай мәртебеден айыру, не мүлдем жабу керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.



Қарау саны: 2050
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!