Үкіметте отандық IT-компаниялар үшін жеңілдіктерді

14.04.2022

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz  сайты.

Отырыстың күн тәртібінде АТ-саласын қолдау және дамыту мәселесі талқыланды. 

 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бейінді ведомство ағымдағы жағдайға тұрақты негізде талдау жүргізіп отырғанын және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, отандық ақпараттық технологиялар саласын қолдау бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленгенін атап өтті.


Атап айтқанда, АТ-мамандары үшін әскери қызметтен кейінге қалдыруды, отандық АТ-шешімдерін енгізу үшін жеңілдікпен кредит беруді, 2029 жылға дейін эксаумақтылық қағидаты бойынша "Astana Hub" - та салық преференцияларының қолданысын ұзартуды ұсыну ұсынылады.


Қазақстанда жұмысқа қызығушылық танытатын АТ-мамандарынан келіп түсетін сұрауларға жедел ден қою үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына "Astana Hub" Халықаралық АТ-стартаптар технопаркінің, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ және Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері кірді.

Осылайша, жұмыс тобының қызметі шеңберінде Қазақстанға қоныс аударуға мүдделі компаниялармен коммуникациялар жолға қойылған. Өзекті ақпаратты алу үшін компанияларға кіру, болу және ашу туралы, сондай-ақ АТ-саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықтары бар веб-сайт құрылды. Әлеуметтік желілерде топ құрылды, онда қатысушылар бизнесті жүргізуге қатысты сұрақтарға жедел жауап ала алады. АТ-компанияларды көшіру кезінде қолдау көрсету бойынша бейінді ведомстволармен жұмыс жасалды.

Талқылау қорытындысын қорытындылай келе, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мүдделі мемлекеттік органдармен қолдау шараларын пысықтауды тапсырды.



Қарау саны: 1903
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!