3,6 трлн теңге салық түсімдері
20.04.2022
Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 2022 жылдың 1 тоқсанында 106,7% - ға орындалды. Жоспар бойынша 3 390,5 млрд теңгеге 3 619,2 млрд теңге түсті, ол 228,6 млрд теңгеге артық орындалды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе немесе 1 520,9 млрд теңгеге өскен, оның ішінде: — Республикалық бюджет 100,2% - ға орындалды (жоспар бойынша 2 572,6 млрд теңге 4,9 млрд теңгеге асыра орындаумен 2 577,5 млрд теңге түсті), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе немесе 1 289,3 млрд теңгеге өсті. — Жергілікті бюджет 127,3% - ға орындалды (817,9 млрд теңге жоспар бойынша 1 041,6 млрд теңге түсті, 223,7 млрд теңгеге асыра орындалды), 2021 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 28,6% - ға немесе 231,6 млрд теңгеге өсті.
Түсімдердің өсуіне келесі факторлар әсер етті. 2022 жылдың 1 тоқсанында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 66,5% - ға, алюминийге 56,2% - ға, мырышқа 36,2% - ға, мысқа 17,8% - ға, қорғасынға 15,5% - ға және алтынға 4,2% - ға бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 60,0% – ға өсті (2021 жылғы 1 – тоқсандағы орташа мөлшерлеме-1 тонна үшін $50,0, 2022 жылғы 1-тоқсан үшін $80,0). Осы жылдың 1 тоқсанында үшінші елдермен тауар айналымы 1,6 есеге артты (экспорт 1,7 есеге, импорт 1,2 есеге өсті). 2022 жылдың 1 тоқсанында іске асыру бойынша айналым өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,1% - ға (22 351 млрд теңгеден 27 971 млрд теңгеге дейін) ұлғайды. ЭШФ деректері бойынша 2022 жылдың 1 тоқсанында үй қызметшілерін жалдайтын және өз тұтынуы үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі бойынша 3,6 есе, өнер, ойын-сауық және демалыс үшін 1,8 есе, өзге де қызметтер түрлерін ұсыну 1,7 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу бойынша 1,6 есе өсу болды. 58,1% - ға, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 44,7% - ға, құрылыс 29,9% - ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы 29,6% - ға, білім беру 26,9% - ға, көтерме және бөлшек сауда 24,8% - ға және өңдеу өнеркәсібі 22,8% - ға өсті. 2022 жылғы қаңтар-ақпанда бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60,3% - ға (5,7 млн теңгеден 9,1 млн теңгеге дейін) ұлғайды. "Салалар бөлінісінде орташа түсімнің өсуі қаржы және сақтандыру қызметі бойынша 2,5 есе, көлік және қоймалау бойынша 2 есе, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу бойынша 1,9 есе, өзге де қызмет түрлерін ұсыну бойынша 32,0%, өнер, ойын-сауық және демалыс бойынша 30,6%, ақпарат және байланыс бойынша 25,4% - ға байқалады тұру және тамақтану бойынша қызметтер 23,7% — ға артты", — деп атап өтті ведомствода.
Қарау саны: 2059 |
|
|