Мәжілісте бюджеттік заң жобаларына

21.04.2022

Мәжілісте Ерлан Қошановтың төрағалығымен кезекті жалпы отырыс өтті, деп хабарлайды ҚР Парламенті төменгі палатасының баспасөз қызметі. 

Талқылаудан кейін депутаттар 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет және осы жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарға түзетулері бар заң жобасын мақұлдады. Заң жобалары Президенттің жыл басында айтылған тапсырмаларын және мемлекеттің басқа да кезек күттірмейтін міндеттемелерін іске асыруға бағытталған.

 

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов атап өткендей, құжат Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемін 4 трлн 30 млрд теңгеге дейін арттыруды көздейді. Қаражат Президенттің тапсырмаларын іске асыруды қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету шеңберінде республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Ұлттық қордың нысаналы көрсеткіштері фискалдық шектеулер шегінде сақталады.

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылатынын нақтылады. Бюджет шығыстарын арттыру көздері бюджеттің меншікті кірістері - 1,1 трлн теңге, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт — 1,6 трлн теңге болып табылады. Ұлттық қордың түсімдері мен шығыстарының теңгерімі жыл соңына оң болады деп болжануда.

 

Кірістер мен шығыстарды қайта қарауды ескере отырып, 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері былайша қалыптасты. Бюджет түсімдері 2,7 трлн теңгеге ұлғаюмен 15,8 трлн теңгені құрайды. Тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 3,3% деңгейінде сақталды. Республикалық бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге өсіммен 18,8 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.

 

Президенттің тапсырмаларын іске асыруға 1,8 трлн теңге бағыттау ұсынылады. Бұл күштік құрылымдар мен төтенше жағдайлар органдарының жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыруға, өңірлер мен бизнесті қолдауға, халықтың табысын арттыруға, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экономиканы әртараптандыруға арналған шығыстар.

 

Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, бюджетті нақтылау нәтижесінде экономиканың нақты секторы мен өңірлерді қолдау күшейтілді. Шығыстардың барынша ұлғаюы экономиканың нақты секторын қолдауға көзделген-1,3 трлн теңге. Нәтижесінде, аталған салаға шығыстар 3,4 трлн теңге көлемінде немесе шығыстардың жалпы көлемінің 18% - ға жуығы жоспарланып отыр. Мұндай ынталандыру орта мерзімді перспективада елдің дамуына мультипликативтік әсер етеді. Бұл бюджет кірістерінің одан әрі өсуіне негіз болып табылады.

 

Әлеуметтік блоктың шығыстары 581 млрд теңгеге ұлғайды және 8,6 трлн теңге көлемінде немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 46% - ы жоспарланып отыр. Қосымша қаражат әлеуметтік төлемдерді индекстеуге, медициналық көмек көрсетуге, еңбек нарығын дамытуға, жастарды қолдауға бағытталатын болады.

 

Күш құрылымдарының шығыстары 446 млрд теңгеге өсіммен 2,2 трлн теңге сомасында жоспарланған.

 

"Қосымша шығыстар аясында 30% - ға жуығы нысаналы трансферттермен өңірлерге берілді. Бұл 818 млрд теңге, оның 475 млрд теңгесі — даму трансферттері. Нақтылауды ескере отырып, өңірлерге республикалық бюджеттен 5,5 трлн-нан астам теңге немесе жалпы шығыстардың 29,3% - ы бағытталатын болады. Бұл ретте, бірінші тоқсандағы бюджеттің атқарылу қорытындылары көрсеткендей, өңірлерде негізгі міндеттерді өз бетінше іске асыру үшін қосымша салық түсімдері түрінде де мүмкіндіктер бар", — деп нақтылады Ерұлан Жамаубаев.

 

Бюджеттік заң жобалары бойынша жалпы отырыста Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин қосымша баяндама жасап, Ұлттық Банк Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында трансшекаралық қаржы операцияларын бақылау шараларын күшейткенін атап өтті.

 

"Қабылданған шаралардың арқасында ішкі валюта нарығындағы жағдай тұрақтануда. Қазіргі уақытта жағдай сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігімен сипатталады. Шаралар кешені айырбас бағамына және кейіннен инфляцияға қысымды төмендете отырып, теңгелік активтерді қолдауға ықпал етеді", — деп хабарлады Виталий Тутушкин.

 

Баяндамашылар мен мәжілісмендердің сөздерінен кейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов талқылау қорытындысын шығарды. Қаралып жатқан заң жобаларының маңыздылығын атап өткен Палата Спикері нақтыланған бюджет қаражаты мемлекет Басшысының тапсырмаларын және Қазақстан халқына Жолдауында айтылған реформаларды іске асыруға бағытталатынын атап өтті.

 

Ол азаматтардың ең өзекті мәселелерін шешуге, атап айтқанда, халықтың табысын арттыруға, жаппай жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, әлеуметтік төлемдерді индекстеуге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай қаражат бөлінетінін түсіндірді.

 

Мысалы, 476 млрд теңге өңірлердегі ауыз су, жолдар мен тұрғын үймен байланысты проблемаларды шешуге бағытталатын болады. 

 

"Осыған байланысты, депутаттар алдында тұрған басты міндет — бюджет қаражатының уақтылы және тиімді жұмсалуын бақылау екенін атап өтті Ерлан Қошанов. Ал Үкімет мүшелері депутаттардың ұсыныстары мен ескертулері негізінде тиісті тұжырымдар жасауға тиіс".



Қарау саны: 1987
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!