Премьер-министр ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің

28.04.2022

Әлихан Смайылов: ЭЫДҰ стандарттарын енгізу-Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсартудың негізгі қадамдарының бірі


ҚР Премьер-Министрі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасай отырып, ЭЫДҰ-мен тиімді ынтымақтастықты жалғастыру үшін Қазақстанның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысуы туралы Келісімнің қолданылу мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту қажет екенін хабарлады.

 

Бағдарлама инвестициялар тарту, Еуразияда бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында іске асырылады. Қазақстан оған 2008 жылдан бері қатысып келеді.  Бұдан басқа, ынтымақтастықтың басым салаларын айқындайтын ЭЫДҰ желісі бойынша негізгі құжат болып табылатын Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумның қолданысын 2023-2026 жылдарға ұзарту талап етіледі.


Кеңес барысында сондай-ақ Қазақстанның ЭЫДҰ-мен 2025 жылға дейінгі өзара іс-қимылының өзектендірілген бағдарламасы қаралды, ол ҚР мемлекеттік органдарын ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне бекітеді.
 

Жаңартылған Бағдарламаның негізгі бағыттары ұлттық статистика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бизнес ортаны дамыту және инвестициялар тарту, мемлекеттік басқару және заңның үстемдігі болды.

 

Кеңестің тағы бір тармағы ұзақ мерзімді серіктестікке жаңа серпін беру үшін ЭЫДҰ тарапынан бастамашылық жасалған 2022-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының (Action Plan) жобасын қарау болды.

 

Action Plan бірқатар тақырыптық шолулар (елдің экономикалық жүйесінің ағымдағы жай-күйін ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестігіне талдау, оның соңында ұсынымдар ұсынылады), үш құқықтық құралға қосылу (ЭЫДҰ нормативтік құжаттары, оның ішінде шешімдер, ұсынымдар мен кодекстер) және талдамалық құралдар бойынша жұмыс жүргізуді қамтиды.


Кеңес барысында біздің еліміз қабылдаған міндеттемелер шеңберінде ЭЫДҰ желісі бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін Ұлттық байланыс орталығының қызметі қаралды. 

 

ҰБО мақсаты-трансұлттық компаниялардың ЭЫДҰ-ның Бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі басшылық қағидаттарын бұзуы туралы өтініштерді қарау.

 

Қазақстан аумағында ҰБО тиімді жұмыс істеуі үшін 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді, онда ұйымдастыру іс-шаралары: нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру, семинарлар/вебинарлар өткізу, өтініштерді қарау қамтылады. 

Премьер-Министр ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтың аталған бағыттарын мақұлдады.

 

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов Қазақстан үшін басым емес шығыстарды болдырмау үшін бірқатар жекелеген тармақтарды орындаудың орындылығын пысықтауды тапсырды.

 

"Бүгін айтылған барлық мәселелердің маңызы зор. ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру және стандарттарын енгізу – ұйымға кіру бойынша да, Қазақстан азаматтарының әл — ауқатын жақсарту бойынша да негізгі қадам", - деп атап өтті Үкімет басшысы.





Қарау саны: 1954
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!