Қазақстанның энергия жүйесінің перспективалық дамуы "Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансы" құжатында көрсетілген, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.
"Саланы дамытудың жеке ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу мәселесі бойынша энергетика министрі ағымдағы жылдың 24 наурызында маневрлік қуаттарды, жаңартылатын энергия көздерінің санын ұлғайтуды көздейтін, сондай — ақ көрші елдердің энергетикалық жүйелерінің дамуын ескеретін " Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансын" бекітті", - деп хабарлады Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, энергобаланс ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, Қазақстанның энергия жүйесін перспективалық дамыту бойынша тұжырымдамалық көзқарасты қалыптастыруға, энергия жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін талап етілетін қажетті орта мерзімді және ұзақ мерзімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік берді.
"Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет 2060 жылға дейінгі кезеңді қамту мүмкіндігімен 2035 жылға дейін электр энергетикасы саласын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде, оны қабылдау ағымдағы жылдың қазан айында жоспарланып отыр", — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.