Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні Қазақстандағы түрік кәсіпкерлері жүзеге асыратын ірі инвестициялық жобалармен танысудан басталды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Мамандандырылған көрмеде Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Мемлекет басшысына бірлескен жобалар туралы айтып берді.
Президентке Yildirim Group – кальцийленген сода өндірісі бойынша, Eczacıbaşı Holding – геологиялық барлау бойынша, MFA Maske – медициналық және респираторлық маскалар өндірісі бойынша, Iskefe Holding – желатин өндірісі бойынша, Tiryaki Holding – агроөнеркәсіптік өнімдер өндірісі бойынша, YDA Group – құрылыс материалдарын, медициналық жабдықтар мен жиһаз өндірісі бойынша, TAV Havalimanlari Holding – Алматы қ. әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы бойынша, Kayatürk Group – сауда орталығының құрылысы бойынша, Koç Holding – агроөнім өндірісі бойынша, Atabay Kimya Sanayi Ve Ticaret AS – фармацевтикалық өнім өндірісі бойынша, Panelsan – сэндвич панельдер өндірісі бойынша, Isiklar-қағаз өнімдерін шығару бойынша, Çalık Holding-геологиялық барлау және агроөнім өндірісі бойынша, Goknur Gida-жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру бойынша компаниялардың жобалары таныстырылды.