Кәсіпорындарды 2022 жылғы I-тоқсанда

17.05.2022

Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізген кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері бойынша дайын өнімге сұраныстың артуы мен оған бағаның өсуіне байланысты нақты сектордағы экономикалық белсенділіктің оң серпінінің жалғасуы байқалады, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

2022 жылдың I-тоқсанында дайын өнімге сұраныс аздап артты. Диффузиялық индекс (ДИ) 52,0-ден 53,1-ге дейін өсті. Көрсеткіштің жақсаруы тауарлар өндірісі (54,1) және қызметтер (52,2) секторларында байқалды.

 

Кәсіпорындардың дайын өнімдеріне бағаның өсу қарқыны жеделдеді, ДИ 65,2 құрады. Бағалар тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде өсті.   

 

Кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемесі баяулады : жүктеудің орташа өлшенген деңгейі 2021 жылғы IV-тоқсандағы 54,2% - ға қарағанда 52,7% - ды құрады

2022 жылдың I-тоқсанында кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі төмендеді. Негізгі құралдарды қаржыландыруды жүзеге асырмайтын кәсіпорындардың үлесі 2021 жылғы IV-тоқсандағы 33,6% - дан 2022 жылғы I тоқсанда 34,5% - ға дейін ұлғайды.

Айналым қаражатын қаржыландыру үшін негізінен кәсіпорындардың өз қаражаттары пайдаланылды. Кредит беру кәсіпорындардың айналым қаражатын қаржыландырудың жалпы көлемінің 8,1% - ын ғана алады.

Кәсіпорындар бұрынғысынша Қазақстан экономикасының жай-күйін бизнесті жүргізудегі негізгі кедергі деп санайды. Бұл туралы сұралған кәсіпорындардың 38,4% - ы мәлімдеді. Басқа кедергілер: бәсекелестік (28,9%); сатып алушыларды іздеу (22,6%); салық деңгейі (21,9%); білікті кадрлардың жетіспеушілігі (20,0%). Маңыздылығы бойынша қаржыландыруға қолжетімділік 8-орында (12,5%) орналасқан.

 

Нақты сектор кәсіпорындарының сауалнамаларын агрегатталған бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (КОИ) 100,6-ға дейін өсті.

Сауалнамаға 3334 кәсіпорын қатысты, оның ішінде ірі және орта – 1576. 



Қарау саны: 2061
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!