ҰЭМ басшысы Fitch Ratings және JP Morgan өкілдерімен кездесті

19.05.2022

Әлібек Қуантыров Fitch тәуелсіз рейтингтер тобындағы Еуропаның дамушы елдері бөлімінің басшысы Пол Гэмблмен, Fitch Ratings-тегі Егемен және ұлттықтан жоғары команданың директоры Арвинд Рамакришнанмен және JP Morgan тәуелсіз рейтингтер жөніндегі консультативтік тобының вице-президенті Энид Винг Ю Лимен кездесті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар қазіргі жағдайдағы экономиканы дамыту, нарықтың жай-күйі, фискалдық саясат және инвестициялық ахуал мәселелерін талқылады.


Ұлттық экономика министрі ҚР Президенті жариялаған реформалар шеңберіндегі әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бүгінде министрлік жаңа экономикалық саясатты құру, халықтың табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

"Қазақстан үкіметі барлық маңызды мәселелер бойынша уақтылы шаралар қабылдауда. Дағдарысқа қарсы шаралар бойынша жедел штаб жұмыс істейді, онда бизнес қоғамдастық та тартылған. Экономиканы және экспорттық ағындарды әртараптандыру бойынша шаралар қабылдануда. Экономиканы монополиясыздандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті Әлібек Қуантыров.

Өткен жылы Қазақстан экономикасы 4.1% - ға өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар – сәуір айларында экономикалық өсімнің 4,4% - ға дейін үдеуі байқалады.

"Үкіметте сыртқы күйзелістердің теріс әсерін азайту үшін барлық қажетті құралдар мен ресурстар бар. Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін әрдайым ашық. Олар үшін қолайлы жағдайлар жасалған", - деп атап өтті министр.

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің өкілдері Қазақстанда экономиканы дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалады. 



Қарау саны: 2038
Сақталған: 20.05.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!