146 мың адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
24.05.2022
1 мамырдағы жағдай бойынша 146,5 мың адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның (бұдан әрі – Ұлттық жоба) қатысушылары болды. 136,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 69,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.Оқу ұйымдарына оқуға жұмыс берушілердің сұрауы бойынша 1,3 мың адам жіберілді. Өз ісін ашу үшін мың адам мемлекеттік гранттар алды.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, шағын несиелер және мемлекеттік қайтарымсыз гранттар түрінде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау алды, қысқа мерзімді курстарда және ТжКБ ұйымдарында оқудан өтті. Сонымен қатар, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде ниет білдіргендерді еңбек күші артық өңірлерден еңбек күшіне тапшылық байқалатын өңірлерге көшіру жүргізілді.
Қарау саны: 1921 |
|
|