146 мың адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі

24.05.2022

1 мамырдағы жағдай бойынша 146,5 мың адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның (бұдан әрі – Ұлттық жоба) қатысушылары болды. 136,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 69,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу ұйымдарына оқуға жұмыс берушілердің сұрауы бойынша 1,3 мың адам жіберілді.

Өз ісін ашу үшін мың адам мемлекеттік гранттар алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 70,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 10,7 мың; жастар практикасына – 7,4 мың; қоғамдық жұмыстарға – 51,6 мың, "Бірінші жұмыс орны"  – 869 адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларына – 114 адам.


Бұдан бұрын халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін шаралар  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып, 2021 жылы оған 651,8 мың адам қатысқанын атап өтті.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, шағын несиелер және мемлекеттік қайтарымсыз гранттар түрінде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау алды, қысқа мерзімді курстарда және ТжКБ ұйымдарында оқудан өтті.

Сонымен қатар, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде ниет білдіргендерді еңбек күші артық өңірлерден еңбек күшіне тапшылық байқалатын өңірлерге көшіру жүргізілді.



Қарау саны: 1873
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!