Премьер-Министр Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі

01.06.2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Ел экономикасын монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Отырыс шеңберінде ҚР Энергетика министрлігі әзірлеген Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін өнім өндіретін жеке мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) үшін салықтық жеңілдіктерді алып тастау, бизнес субъектілерінің МӨЗ-дегі инфрақұрылым объектілеріне ("соңғы километр") қол жеткізуін қамтамасыз ету, оларда мұнай өнімдерін сақтауды регламенттеу, сондай-ақ мұнай өнімдерін төмендету бөлігінде тиеу және тасымалдау қызметтеріне тарифтерді реттеу мәселелері бойынша ұсыныстар талқыланды.

Бұдан басқа, МӨЗ-де қауіпсіздік жүйелеріне аудит жүргізу, өнімді өндіруді, сақтауды, әкетуді және өзге де технологиялық процестерді бақылау, сондай-ақ олардың аумағында сұйытылған мұнай газын сақтау парктерін салу және олардың қызметі мәселелері қаралды.

Отырысқа қатысушылар "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және басқа да бірқатар мәселелерді қарастырды.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Комиссияның келесі отырысында шешімдер қабылдау үшін бірқатар жұмыс тапсырмаларын берді.  


Қарау саны: 1845
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!