Үкіметте "KAZAKH INVEST"-тің 2021 жылғы қызметінің
18.04.2022
Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $23,7 млрд құрады ҚР Премьер-Синистрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz сайты. Отырыста компанияның 2021 жылғы қызметінің қорытындылары қаралды, 2021 жылғы қаржылық есептілік алдын ала бекітілді, сондай-ақ Есеп саясаты және Қаржы ресурстарын басқару саясаты сияқты жаңа редакциядағы бірқатар ішкі құжаттар бекітілді. Ішкі аудит қызметінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің 2022 жылғы 1-тоқсандағы есептері назарға алынды.
Ел басшылығының тапсырмасы бойынша ҚР аумағында халықаралық компаниялардың өндірістерін оқшаулау мақсатында кең ауқымды жұмыс жүргізілуде. Әлемнің 30-ға жуық елінен шикізаттық емес салалардың 200-ден астам компаниясына инвестициялық ұсыныстар пакеттері жіберілді. Мүдделі компаниялармен белсенді келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, Үкімет басшысына "KAZAKH INVEST" өкілдерінің шетелдегі қызметінің нәтижелері туралы баяндалды. Шетелдік өкілдер жұмысының тиімділік көрсеткіштері жыл сайын Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалық ететін кеңесте қаралады. Бұл бағыттағы жұмыс шетелдік өкілдер келген аймақтарда пандейминдік шектеулерді біртіндеп алып тастау нәтижесінде жандана түсетіні атап өтілді.
Қарау саны: 1856 |
|
|