Ұлттық экономика министрлігі және Халықаралық валюта қоры
02.06.2022
Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстан бойынша Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланшемен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, қазіргі экономикалық жағдайды, геосаяси жағдайға байланысты негізгі сыртқы факторларды, сондай-ақ Мемлекет басшысы бастамашылық еткен елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады. Вице-министр атап өткендей, Үкімет экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін белсенді жұмыс істеуде. "2022 жылдың алғашқы төрт айында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, негізгі капиталға инвестициялардың, өңделген тауарлар экспортының және тікелей шетелдік инвестициялардың оң серпіні есебінен ұлттық экономика 4,4% — ға дейін жеделдеді", - деп атап өтті Абзал Әбдікәрімов.
Қарау саны: 1893 |
|
|