Ұлттық экономика министрлігі және Халықаралық валюта қоры

02.06.2022

Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстан бойынша Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланшемен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі. 

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, қазіргі экономикалық жағдайды, геосаяси жағдайға байланысты негізгі сыртқы факторларды, сондай-ақ Мемлекет басшысы бастамашылық еткен елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады.

Вице-министр атап өткендей, Үкімет экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін белсенді жұмыс істеуде.

"2022 жылдың алғашқы төрт айында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, негізгі капиталға инвестициялардың, өңделген тауарлар экспортының және тікелей шетелдік инвестициялардың оң серпіні есебінен ұлттық экономика 4,4% — ға дейін жеделдеді", - деп атап өтті Абзал Әбдікәрімов.

Оның айтуынша, Қазақстанда бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға, ESG стандарттарын (қоршаған ортаны қорғауға, қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасауға және тұрақты даму үшін тиісті басқаруға негізделген қызмет қағидаттары) қолдана отырып, инвестициялық ахуалды жақсартуға баса назар аудара отырып, жаңа экономикалық саясат әзірленуде.


Келіссөздер қорытындысы бойынша ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланше одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.



Қарау саны: 1930
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!