Алдын ала деректер: 8 030 739 қазақстандық
06.06.2022
Алдын ала мәліметтер бойынша, 8 030 739 азамат ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньдер алды, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман. "Орталық референдум комиссиясы Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де дауыс беру еліміздің барлық өңірлерінде және шетелдегі 25 учаскеде аяқталғанын хабарлайды. Дауыс беру Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 40 учаскеде жалғасады.
Оның айтуынша, ел бойынша референдумға қатысуға құқығы мен мүмкіндігі бар азаматтардың тізіміне 11 734 642 адам енгізілген. Бюллетеньді 8 030 739 азамат алды. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген тұрғындардың 68,44% құрайды.
"Референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Ертең аумақтық комиссиялардың хаттамаларының электронды түрде түсуін күтеміз. Дауыс берудің алдын ала қорытындылары брифингте ұсынылатын болады. Оның уақыты қосымша хабарланады", - деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы.
Қарау саны: 1831 |
|
|