Алдын ала деректер: 8 030 739 қазақстандық

06.06.2022

Алдын ала мәліметтер бойынша, 8 030 739 азамат ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньдер алды, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман. 

"Орталық референдум комиссиясы Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де дауыс беру еліміздің барлық өңірлерінде және шетелдегі 25 учаскеде аяқталғанын хабарлайды. Дауыс беру Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 40 учаскеде жалғасады.

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған алдын ала деректер бойынша азаматтардың референдумға қатысу статистикасы: Ақмола облысы — 73,81%, Ақтөбе облысы — 58,06%, Алматы облысы — 72,83%, Атырау облысы — 67,68%, Батыс Қазақстан облысы-69,37%, Жамбыл облысы — 69,59%, Қарағанды облысы — 77,39%, Қостанай облысы — 72,28%, Қызылорда облысы — 79,89%, Маңғыстау облысы — 61,19%, Павлодар облысы — 75,53%, Солтүстік Қазақстан облысы-75,49%, Түркістан облысы — 80,66%, Шығыс Қазақстан облысы — 77,49%, Нұр-Сұлтан қаласы — 57,06%, Алматы қаласы – 33,30%, Шымкент қаласы — 72,53%", - деп атап өтті Мұхтар Ерман.

 

Оның айтуынша, ел бойынша референдумға қатысуға құқығы мен мүмкіндігі бар азаматтардың тізіміне 11 734 642 адам енгізілген. Бюллетеньді 8 030 739 азамат алды. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген тұрғындардың 68,44% құрайды. 

 

"Референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Ертең аумақтық комиссиялардың хаттамаларының электронды түрде түсуін күтеміз. Дауыс берудің алдын ала қорытындылары брифингте ұсынылатын болады. Оның уақыты қосымша хабарланады", - деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы.

 



Қарау саны: 1832
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!