Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені
08.06.2022
Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 2022 жылғы 7 маусымнан бастап 14% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.
Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, бұл шешім болжамды раундтың нәтижелеріне негізделген. "Біз Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайды одан әрі дамытуға қатысты болжамдарымызды жаңарттық. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банк инфляцияны 13-15% деңгейінде күтеді. Сыртқы және ішкі азық – түлік нарықтарындағы бағалар динамикасын ескере отырып, азық-түлік өнімдері бойынша бағаның ең жоғары өсуі күтілуде", - деді ол. Ғалымжан Пірматов атап өткендей, болжам Үкіметтің тұтыну нарықтарын теңгерімді дамытуға бағытталған инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды ескере отырып жасалған. Осы шаралар кешенін сәтті іске асырған кезде инфляция болжамның төменгі шегіне дейін төмендеуі мүмкін. "Инфляция үшін тәуекелдер көбінесе инфляцияның жаһандық үдеуімен, әлемдегі геосаяси жағдай аясындағы белгісіздікпен және сыртқы инфляцияның импортымен байланысты. Инфляцияны жеделдетудің ықтимал ішкі факторлары көбінесе жұмсақ фискалдық саясатты сақтаумен, жоғары инфляциялық күтулермен, сондай – ақ реттелетін қызметтер бағасының өсуіне мораторий аяқталғаннан кейін ақылы қызметтер инфляциясын жеделдету ықтималдығымен байланысты", - деп атап өтті Ұлттық Банк Төрағасы.
"Ұлттық Банк әлемдік нарықтардағы жағдайды, геосаяси дағдарыстың дамуын және инфляцияға қарсы тәуекелдердің іске асырылуын бақылауды жалғастырады. Базалық мөлшерлеме бойынша одан әрі шешімдер инфляцияның нақты динамикасының болжамды траекториясына және сыртқы орта мен ішкі экономикадағы қалыптасқан тәуекелдер балансына сәйкес келуіне байланысты қабылданатын болады", – деп қорытындылады қаржы реттеушісінің басшысы.
Қарау саны: 1828 |
|
|