Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар

09.06.2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту шаралары талқыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, сондай-ақ "Еуразиялық Топ" ЖШС Басқарма төрағасы Серік Шахажанов баяндама жасады.

Еңбек министрінің айтуынша, демографиялық өзгерістер мен әлемдік экономиканың құбылмалылығы ұлттық еңбек нарығына әсер етті. Бұл саладағы ең үлкен өзгеріс жаңа жұмыс күшінің пайда болуымен байланысты.

"Бүгінде 2000 жылдан кейін туған ұрпақ өсіп келеді. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңнан астам жастар шығады. Нәтижесінде жұмыс күшінің жаңа сапалы құрылымы қалыптасады. Қазірдің өзінде жұмыс күшінің 60% - ын миллениалдар мен "Z" буыны құрайды. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 80% - ға жетеді", - деді Тамара Дүйсенова.

Бұл үрдіс, ағымдағы күрделі жағдай және әлеуетті сын-қатерлер жұмыспен қамту саясатын қайта қарау қажеттігін көрсетеді. Басты міндет тек жұмыспен қамту емес, сапалы жұмыс орындарын ұсыну есебінен халықтың табысын ұлғайту болады. 

Осы міндетті орындау үшін, өткізілетін іс-шаралардан басқа, Еңбек министрлігі келесі жаңа бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды ұсынады.

Бірінші кезектегі міндет жастарды жұмысқа тарту болып табылады.

Ол үшін ірі және орта кәсіпорындарда бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелерін өткізу арқылы жастарды жұмыспен қамту бойынша жұмыс басталды.

Осы жылдың мамыр айында ERG компаниялар тобымен бірлесіп пилоттық режимде оқу орындарының түлектері мен 35 жасқа дейінгі жастар үшін бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өткізілді. Компания 350 жұмыс орнын ұсынды. Бір апта ішінде жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келетін 159 жас іріктеліп, жұмысқа қабылданды. Олардың арасында еліміздің барлық өңірлерінің өкілдері бар.

Пилоттың қорытындысы Білім, Ұлттық экономика, Цифрлық даму министрліктерімен, тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының өкілдерімен талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша осы компаниялар электрондық еңбек биржасында, оның ішінде IT саласында және "Ауыл Ел бесігі" жобасы шеңберінде 20 мың бос жұмыс орнын орналастыратыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

24-30 маусым аралығында бірінші онлайн-бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Ол ай сайын өткізіледі және мыналарды қамтамасыз етеді:

- кәсіпорын орналасқан аумаққа байланыссыз барлық қазақстандықтар үшін қолжетімділік;

- жұмысқа қабылдау процесінің ашықтығы;

- жұмыс іздеуші үшін мақсатты таңдау;

- жұмыс берушілер үшін сапалы іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігі.


Ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастыру.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, ағымдағы жылы ұлттық жобалар шеңберінде 269 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

Бүгінде электрондық еңбек биржасында 691 кәсіпорын 13 мың 609 жұмыс орнына арналған 1 мыңнан астам жобаны орналастырды. Онда тек біліктілік талаптары ғана емес, сонымен қатар жалақы мөлшері мен жұмыс сипаттамасы да бар.

Бүгінгі таңда бос орындарға жауап бергендердің саны 5 мыңнан асты, оның ішінде 1 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жобалар мен бос орындар тізімі осы жобалардың дайын болуына қарай жаңартылады.


"Біз Электронды биржада жалдаудың жалпы процесін қолдаймыз. Ашықтық пен қолжетімділік, жұмыспен қамту мәселелерінің жаңа мәдениетін қалыптастыру мемлекет қолға алған бастамалар туралы халқымызды толық ақпараттандыруға мүмкіндік береді"
, — деп атап өтті Еңбек министрлігінің басшысы.

Жұмысқа орналастырудың маңызды бағыттарының бірі платформалық жұмыспен қамтуды тану және заңдастыру болып табылады. Пандемия кезіндегі шектеу шаралары бүкіл әлемде жұмысқа орналасудың заманауи әдістерін қолдануға жаңа серпін берді. Қазақстан да ерекшелік емес.

Бұдан басқа, цифрландыру және жаңа технологиялар ел экономикасына әсер етеді. Соңғы жылдары нақты сектормен салыстырғанда қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандар санының өсуі байқалады.

Сараптамалық деректер бойынша Қазақстанда платформалық жұмыспен қамту 500 мың адамға дейін жетеді. Яғни, адамдар Яндекс, Убер, Вольт және Глово сияқты әртүрлі онлайн платформалар арқылы жұмыс істейді. Әрине, бұл режим халық үшін өте ыңғайлы. Алайда оның басты кемшілігі – жұмыспен қамтылғандарды әлеуметтік қорғаудың болмауы.

Басқаша айтқанда, егер адам жұмыссыз болып қалса немесе жүктілікке және босануға байланысты жұмысын тоқтатса, ол мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қажетті әлеуметтік төлемдерді ала алмайды. Бүгінгі таңда 300 мыңнан астам ана осы қордан жүктілік кезіндегі бұрынғы орташа жалақының 100% - ын және бала күтімі кезеңіндегі жалақының 40% - ын алады. Бұдан басқа, 105 мың жұмыссыз 6 айға дейінгі мерзімге жалақының 40% - ына дейін қамтамасыз етіледі. Соңғы жылдары бұл төлемдердің мөлшерін едәуір ұлғайту туралы мәселе қаралуда.

Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесіне тарту үшін негізгі онлайн-алаң операторларымен кездесулер өткізді. Олармен бірге осы жылдың 1 шілдесінен бастап қамту схемаларын сынақтан өткізу туралы шешім қабылданды. Жыл соңына дейін пилоттың нәтижелері ұсынылатын болады.

"Платформалық жұмыспен қамтуды мойындай және заңдастыра отырып, біз қолайлы режимді сақтай отырып, азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға тырысамыз", — деп толықтырды Тамара Дүйсенова.


Азаматтардың жекелеген санаттарының жұмыспен қамтылуын және өз ісін ашуын мемлекеттік қолдау.

Оның ішінде:

1. Нысаналы топтар үшін тиімді және тұрақты жұмыс орындарын құратын мекемелерге мемлекеттік субсидиялар бөлу.

Биыл осындай 100 мың жұмыс орны жоспарланған, оған бюджеттен 77 млрд теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, қазіргі уақытта мұндай жұмыстарға 84,4 мың адам тартылған.

2. Әлеуметтік осал топтар мен жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау.

Осындай 20 мың грантты қаржыландыруға бюджеттен 25,8 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда гранттарды 1,4 мыңнан астам адам алды.

3. Технологиялық даму қарқынын ескере отырып, мемлекет жұмыс күшінің біліктілігі мен қабілетін арттыруға үнемі көңіл бөледі. Жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес биыл 36 мың адамды оқыту және қайта оқыту жоспарлануда. Бұл мүмкіндікті қазірдің өзінде 9 мыңнан астам адам пайдаланды;

4. Бос жұмыс орындарына жолдама беру. Бұл іс-шара Электрондық еңбек биржасы базасында өткізіледі. Биылғы жылы лимит — 350 мың, оның ішінде 91 мың адам осындай жұмыспен қамтылды.

Жалпы, жоғарыда аталған мемлекеттік қолдау шаралары ағымдағы жылы 500 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыруды көздейді.

Осы шараларды тиімді іске асыру үшін мемлекеттік биліктің орталық органдары мен жергілікті атқарушы органдар белсенді жұмыс істеуі тиіс. Министрлік құзыретті органдар бір-бірімен және жұмыс берушілермен, сондай-ақ жұмыс іздеушілермен тығыз қарым-қатынас орнатуға назар аударуы керек деп санайды.



Қарау саны: 1904
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!