Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты туралы баяндамасы
16.06.2022
Ұлттық Банк "Ақша-кредит саясаты туралы баяндама. 2022 жылғы маусым" жариялады деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.Баяндамада болжамның алғышарттары, базалық және балама сценарийлер бойынша макроэкономикалық жағдайды дамыту перспективалары, ағымдағы макроэкономикалық жағдайлар және ақша, валюта және қаржы нарықтарындағы ахуалды талдау ұсынылған. Ұлттық Банктің бағалауы бойынша Қазақстандағы экономикалық белсенділік серпіні 2022 жылы 2,8-3,8% диапазонында қалыптасады. ЖІӨ өсуінің жоғары қарқыны 2022 жылғы қаңтар-сәуірде қалыптасқан фактімен (4,4% – ға өсу), оң фискалдық серпінмен, сондай-ақ экспорттаушы елдер үшін мұнай нарығындағы қолайлы жағдаймен байланысты болады. ЖІӨ-нің одан әрі жеделдеуі сақталып отырған геосаяси дағдарыстан кейін тежелетін болады.
2022 жылдың соңына дейін өнімнің импорттық жеткізілімдерін қайта құру, елеулі сыртқы инфляциялық қысым, азық-түліктің жоғары әлемдік бағалары, сондай-ақ оң фискалдық импульс аясында инфляцияның 13-15% жоғары диапазонында қалыптасуы күтілуде. 2022 жылғы жоғары базаны есептеуден кету, сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі және монетарлық жағдайлардың қалыпқа келуі нәтижесінде 2023 жылы оның 7,5-9,5% - ға дейін баяулауы күтілуде. 2024 жылы сыртқы да, ішкі де жаңа күйзелістер болмаған кезде инфляция әлі де таргеттелетін дәлізден тыс болады, бұл ретте оның жоғарғы шекарасына қарай баяулауы болжанады. Инфляцияны жеделдетудің негізгі тәуекелдері әлемдегі геосаяси жағдай аясындағы белгісіздікке, дамушы нарықтардан дамыған нарықтарға капиталдың кету ықтималдығына, сыртқы инфляцияның, атап айтқанда Ресейден импортқа, сондай-ақ ұсыныс факторларының тәуекелдеріне және инфляциялық күтулердің болмауына байланысты. Сондай-ақ болжамның маңызды тәуекелдерінің бірі 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген параметрлермен салыстырғанда бюджет шығыстарын арттыру жағына қарай ықтимал қайта қарау болып табылады. Баяндаманың толық нұсқасы мына сілтеме бойынша қол жетімді >>
Қарау саны: 2093 |
|
|