Fitch ҚР-дың тәуелсіз кредиттік рейтингін

20.06.2022

Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде, "Тұрақты" болжаммен растады деп хабарлады primeminister.kz сайты.

"ҚР рейтингін қолдайтын негізгі факторлар сыртқы күйзелістерге тұрақтылықты көрсеткен күшті фискалдық және сыртқы теңгерімдер болып табылады", — делінген хабарламада.

Талдамашылардың пікірінше, қаңтар оқиғаларынан, Ресей-Украина қақтығысынан және Ресейге қарсы санкциялардан кейін туындаған сын-қатерлер негізгі экспорттық тауарлардың жоғары бағаларымен және Теңіз кен орнында 2023 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің ұлғаюымен жеңілдетілді.  

Fitch 2023 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы деңгейінің төмендеуін күтеді және Ұлттық қордан бюджетке трансферттер мөлшері 2021 жылғы деңгейден 58% - ға дейін қысқарады деп болжайды, бұл Үкіметтің ЖІӨ-нің 30% шегінде ҚР ҰҚ мөлшерін қолдау жөніндегі стратегиясына сәйкес келеді. 

Елдің мемлекеттік борышы салыстырмалы елдер борышының жарты бөлігі деңгейінен төмен екендігі хабарланды. Fitch болжамы бойынша Қазақстанның елеулі сыртқы резервтері таза кредитор мәртебесін сақтауға көмектеседі. 

Сонымен қатар, Агенттік өз есебінде Қазақстанның банк секторының тұрақты жұмысын да атап өтті. 

 



Қарау саны: 1851
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!