Қазақстан Президентінің қатысуымен

22.06.2022

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаһандық экономиканы қалпына келтіру қарқынын теңестіру" тақырыбындағы екінші Катар экономикалық форумына қатысты, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Форум Bloomberg агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды және шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің қамқорлығымен өткізіледі.

Іс-шара "елдердің экономикалық дағдарыстан шығуы" тақырыбына арналған.

Форум жұмысына Мемлекет басшысынан басқа Того Президенті Фор Гнассингбе, Намибия Президенті Хаге Гингоб, Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили, сондай-ақ бірқатар министрлер, Еуропа, Азия және Африка елдері үкіметтерінің лауазымды тұлғалары қатысады.

Сонымен қатар, форум сессияларында Honeywell, Asyad Group, Исламский банк развития, Tesla, Qatar Airways, The Boeing Company, QatarEnergy, Kuwait Petroleum Corporation, Southwest Holdings, Accor, Marriott International, Tingo, National Petroleum Corporation of Namibia, MeTL Group, Volkswagen, Dorna Sports, International Airlines Group, Infarm, Vitol, Franklin Templeton, Thyssenkrupp, Roubini Macro Associates, DAMAC Properties, Trip com Group, Standard Chartered, Exxon Mobil Corporation, Google Cloud және басқа да жетекші халықаралық корпорациялар мен ұйымдардың басшылары жиналды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумының  "In Conversation with President Tokayev" арнайы панельдік сессиясына қатысты. Іс-шараның модераторы Bloomberg Television жүргізушісі Манус Крэнни болды.

Катар экономикалық форумының қорытындысы бойынша жаһандық өсудің келесі кезеңінің жоспары әзірленеді, пандемиядан кейінгі әлемді құру үшін пәрменді шешімдер ұсынылады.



Қарау саны: 1770
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!