Цифрлық теңге енгізу туралы шешім қабылдау моделін

04.07.2022

Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚР ҰБ Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы "Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделі" атты баяндамасын жариялады, деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Осы модель бойынша алынған зерттеу нәтижелерінің негізінде 2022 жылдың соңына дейін Қазақстанда орталық банктің цифрлық валютасын енгізу туралы қорытынды шешім әзірленетін болады.

Цифрлық теңгені іске қосу туралы шешімді әзірлеудегі басымдық көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылар үшін қорытынды әсер болады. ҚР ҰБ және ТҚТДО моделі халықаралық ұйымдар (ДЭФ, "Үлкен жетілік" саммиті, ХВҚ) ұсынған талдамалық құралдарды, сондай-ақ шетелдік реттеушілердің тәсілдерін ескереді. Модельде сондай-ақ цифрлық теңгенің технологиялық іске асырылуын, әлеуетті экономикалық пайдалар мен шығындарды, жүйені реттеу мүмкіндіктерін, сондай-ақ экожүйені дамыту әлеуетін бағалау бойынша зерттеулер көзделген.

Талдау құралдары ретінде технологиялық эксперименттер, экономикалық модельдеу, мүдделі тараптармен дизайн-сессиялар көзделген. 2022 жылдың 4-тоқсанына нарыққа қатысушылар мен тұтынушылармен Цифрлық теңгенің технологиялық платформасын толассыз тестілеу жоспарланған.


Зерттеу нәтижелерін объективті түсіндіру мақсатында тәуелсіз халықаралық сарапшылар мен халықаралық қаржы ұйымдарының қызметкерлері қатысатын "Цифрлық теңге" жобасының консультативтік кеңесі құрылды. Қаржы нарығының қатысушыларымен Цифрлық теңгенің экожүйесін құру да жобаны дамытудағы табыстың маңызды факторы болып табылады. Осы мақсаттар үшін коллаборативті алаң – Digital Tenge Hub құрылды, оған нарық қатысушылары, инфрақұрылымдық ойыншылар, халықаралық серіктестер қатысады.

"Цифрлық теңгені енгізу төлем және қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттырады, соның ішінде офлайн төлем жасау мүмкіндігінің арқасында. Цифрлық теңгенің инфрақұрылымы смарт-келісімшарттар технологиясының базасында инновациялық сервистерді құруға мүмкіндік беретін қаржы нарығының қатысушылары мен мемлекеттік органдар үшін қосымша құралға айналады. Болашақта цифрлық теңгені енгізу трансшекаралық төлемдердің тиімділігін арттырады", - деп атап өтті қаржы реттеушісінде.


"Цифрлық теңге енгізу туралы шешім қабылдау моделі" баяндамасы >>



Қарау саны: 1951
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!