Сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі ақпараттық портал

05.07.2022

Қазақстанда tradeinfo.kz бизнес үшін сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша ақпараттық портал жұмысын бастады деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Жаңа онлайн-платформа трансшекаралық сауда рәсімдері туралы қадамдық ақпаратты ұсынады және оны бизнес үшін қолжетімді етеді.

"Ready4Trade-Орталық Азия жобасы Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Халықаралық сауда орталығы іске асыратын Қазақстанның сауда порталын іске қосты. Портал барлық импорттық, экспорттық және транзиттік рәсімдерді, қажетті құжаттарды, нысандар мен рәсімдерді егжей-тегжейлі сипаттайды. Қазір порталда 50-ден астам тауарға арналған рәсімдер сипатталған", - делінген хабарламада.

Қазақстанда платформаны Сауда және интеграция министрлігімен ынтымақтастықта "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ әзірледі.

Порталды іске қосу рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Е.П. Кестутис Янкаускас, "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы қатысты.

Өз сәлемдесу сөзінде Ерұлан Жамаубаев жобаны дайындау мен іске асыруға қосқан үлесі үшін Еуропалық Одақ пен Халықаралық сауда орталығына алғысын білдірді. Ол сауда порталы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінде тұрақты және жан-жақты экономикалық дамуға ықпал ететініне сенім білдірді.

"Енді Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар импортқа, экспортқа және транзитке қолданылатын қадамдық қағидалар мен рәсімдерге қол жеткізе алады. Біз үшін сауда порталы отандық бизнестен кері байланыс алу құралына айналады. Бұл бағыттағы жұмыс бизнес-қауымдастықтармен және уәкілетті органдармен белсенді пысықталатын болады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Өз кезегінде, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кестутис Янкаускас порталды әзірлеуге қатысқан барлық тараптарға, әсіресе Сауда және интеграция министрлігі мен QazTrade-ге осы жобаны іске асырудағы негізгі рөлі үшін алғысын білдірді.  Ол сондай-ақ, сауда порталы мен сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі бастамалар бүгінгі жаһандық сын-қатерлерге нақты жауап болып табылатынын атап өтті. Соңында елші мырза Қазақстанмен және оның барлық қатысушыларымен қатар тұрақты экономикалық дамуға және даму саласындағы басқа да мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу ісіне Еуропалық Одақтың бейілділігі туралы мәлімдеді.

"QazTrade" АҚ бас директоры Азамат Асқарұлы порталды іске қосудың арқасында кәсіпкерлер барлық нысандар мен құжаттарды қоса алғанда, импорт пен экспортқа қолданылатын қағидалар мен рәсімдерге нақты және толық ақпаратқа қол жеткізе алатынын айтты.

"2020 жылдың тамыз айынан бастап QazTrade Ready4Trade-Орталық Азия жобасының институционалдық серіктесі болып табылады. Теңіз көлігімен жеткізілімдерді ұлғайтуға қызығушылықты арттырудың және Каспий теңізіндегі порттардың әлеуетін кеңейтудің өзектілігін ескере отырып, алғаш рет теңіз порттарының импорттық және экспорттық операцияларының бизнес-процестерін кезең-кезеңімен құжаттау жүргізілді. Мен Сауда порталы барлық сауда рәсімдері бойынша гид болатынына сенімдімін", - деп түйіндеді Азамат Асқарұлы.

Қазақстанның сауда порталы "Ready4Trade-Орталық Азия" жобасының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Осыған ұқсас порталдар әлемнің 30 елінде іске асырылған. Орталық Азияда мұндай жобалар Тәжікстан мен Қырғызстанда бар. Сауда порталын іске қосуды жоспарлап отырған келесі елдер Өзбекстан мен Түркіменстан болады.


Сауда порталы-бұл барлық бақылау органдарынан коммерциялық формальдылықтар туралы ақпаратты шоғырландыратын бизнеске арналған анықтамалық құрал ғана емес, сонымен қатар сауда рәсімдерін жеңілдету саласында бірқатар артықшылықтарды ұсынады. Атап айтқанда, портал бизнесмендер бетпе-бет келетін коммерциялық рәсімдердің күрделілігін анықтауға және өлшеуге, әлеуетті артық болып табылатын және қажетсіз кідіртулер тудыратын рәсімдер мен талаптарды айқындауға, трансшекаралық операцияларды оңтайландыру және қысқарту бойынша мақсаттар белгілеуге және сауда рәсімдерін жетілдіруге бағытталған бизнес үшін реформалар әсерінің тиімділігін өлшеуге мүмкіндік береді.

 



Қарау саны: 1793
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!