Қалалардың кешенді құрылысын жүргізу стандарты

07.07.2022

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдердің іске асырылуы туралы айтып берді.

"Жүргізіліп жатқан тұрғын үй саясаты аясында 7 мыңнан астам азамат сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Өңірлерде кезекте тұрғандар үшін Отбасы банкінің кредиттік бағдарламалары арқылы сатылатын 9,8 мың пәтер салынуда. Сонымен қатар, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген қарыз түріндегі мемлекеттік қолдау шараларымен 5 мыңнан астам кезекте тұрғандарды және жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алғаны үшін тұрғын үй төлемдерімен 70 мыңға жуық кезекте тұрғандарды қамтуды жоспарлап отырмыз", — деді Қ.Өскенбаев.

Ағымдағы жылы 5 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 103,4% – ға, тұрғын үй құрылысына инвестициялар-122,8% - ға орындалды. Алайда еліміздің үш өңірінде — Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша құрылыс қарқынының төмендегені байқалады.

"Аталған облыстарда әкімдіктер тұрғын үй нысандарында құрылыс жұмыстарын жандандыруы қажет", - деді Қ.Өскенбаев.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін өңірлерге тиісті жоспарлар жеткізілгенін, ал олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін әкімдіктермен нақты нысандар мен оларды іске асыру мерзімдері көрсетілген жол карталары бекітілгенін атап өтті.

"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін 2021-2025 жылдарға жеке тұрғын үй салу үшін азаматтарға берілетін 235 мың жер учаскесін инженерлік коммуникациялармен жайластыру көзделеді. Оның ішінде облыс орталықтарында, шағын қалаларда-125 мың жер учаскесі және ауылдық жерлерде 110 мың жер учаскесі бар.

"Биылғы жылы 50 257 жер учаскесіне инженерлік коммуникациялар салу бойынша 180 жобаны іске асыру қолдау тапты. Жер учаскелерінің басым бөлігі Түркістан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында коммуникациялармен қамтамасыз етіледі", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Бүгінде әкімдіктердің деректері бойынша кезекте 613 мың азамат тұр, оның ішінде 222 мың кезекте тұрғандар — бұл әлеуметтік осал санаттар. Оның ішінде 70 мың Кезекте тұрғандардың табысы бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, көп балалы отбасылар – 51 мың, жетім балалар-2 мың, 1 және 2 топтағы мүгедек адамдар – 10 мың, мүгедек баласы (балалары) бар отбасылар – 7 мың..

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үй қорында тұрғын үйді жалға алу үшін тұрғын үй төлемдерінің тетігі әзірленгенін, тиісті ережелер мен Отбасы банкі базасында цифрлық платформа әзірленгенін атап кеткен жөн. Қазіргі уақытта 25 мыңнан астам өтінім қабылданды, олардың 6 мыңға жуығы мақұлданды.

Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген:

— 50% мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылады;

- қалған 50% алушы өз бетінше төлейді.

Жалгерлік төлем мөлшерінің 50% - ы республикалық бюджеттен 80% және жергілікті бюджеттен 20% пропорцияда жабылады. Республикалық бюджетте 40 млрд теңге көлемінде қажетті қаржыландыру көлемі қарастырылған. Қаржыландыру жоспарына сәйкес отбасы банкінің шотына 3 млрд теңге аударылды. Өңірлердегі мәслихаттар қажетті 10 млрд теңгенің 3,7 млрд теңгесіне жергілікті бюджет шығындарын бекітті..

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша ҚР Заңының жобасы әзірленді, ол ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Заң жобасы тұрғын үй саясатын реформалауды және оны Екінші деңгейдегі банктер жүйесінен шығара отырып, Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыруды ұсынады..

Сондай-ақ, Отбасы банкінің базасында "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын" құру жоспарланып отыр, ол санаттарға тиесілігіне қарамастан, республика аумағында тұрғын үйі жоқ барлық мұқтаждарды жүргізуді, қоюды және есепке алуды орталықтандырып жүзеге асыратын болады. Ұсынылып отырған жаңа модельде тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары есепке қою күніне, табыстың болуына және берілген өтінімге байланысты жүзеге асырылатын болады.

"Бұл жаңа енгізілімдер халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға, азаматтардың тұрғын үй алу рәсімін оңтайландыруға, сондай — ақ азаматтардың барлық санаттары арасында тұрғын үйді әділ бөлудің бірыңғай тетігін енгізуге мүмкіндік береді", - деді ҚР ИИДМ басшысы.

"Қалаларды кешенді салу стандарты" әдістемелік құжатының жобасын мемлекеттік органдар мен ғылыми сарапшылардың қатысуымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеп, келіскен. Жобаны әзірлеу Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында халықаралық тәжірибені ескере отырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында қолға алынды.

Құжат жобасы бекітілді. Оны іс жүзінде қолдану тартымды және жайлы қоғамдық кеңістікті қалыптастыруды, жаяу жүргіншілер мен велосипед инфрақұрылымын дамытуды ескере отырып, құрылысты жоспарлау кезінде мүмкін болады.

Көптеген шағымдарға байланысты Министрлік заңнамаға бірқатар түзетулер әзірледі:

1) аумақта құрылыс салуды сапасыз жоспарлауды болдырмау мақсатында қала құрылысы сараптамасын енгізу;

2) құрылыстың барлық кезеңдерінде объектілерге жоспарлы бақылауды енгізу және МСҚБ-ның объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы;

3) пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызметті құру.

Сонымен қатар, Қайырбек Өскенбаев құрылыс процесін цифрландыру аясында іске қосылған бірыңғай құрылыс порталы туралы айтып берді. Атап айтқанда, порталға құрылыс тізілімдері жүктелді, тізілімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сарапшыларды тестілеу рәсімі автоматтандырылды, сондай-ақ техникалық қадағалау есептілігі электрондық форматқа ауыстырылды. Портал атқарушылық құжаттаманы электрондық форматқа аудару үшін нарық субъектілерінің корпоративтік ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады.

Мұнда берілетін ақпаратқа қойылатын талаптар қойылады, ал нарық осындай жүйелердің жеткізушілерін өз бетінше таңдайды деп хабарландырылған. Қазіргі уақытта атқарушылық құжаттаманы пилоттық режимде жүргізу тұрғын үй және автомобиль жолдары объектілерінде іске қосылды.



Қарау саны: 1846
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!